Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Желтоқсан желі ызғарлы

c 09:47, 18/12/2020 c 1104

 

0:00 / 0:00

КСРО-ның ыдырауына бірден-бір себеп болған Желтоқсан көтерілісіне биыл 34 жыл.  1986 жылдың 16 желтоқсанында Алматы қаласындғы Республика алаңына (сол кездегі Брежнев алаңы) шығып, бас көтерген  қазақтың жап-жас қыз-жігіттері Дінмұхаммед Қонаевтың қызметтен кетуіне наразылықтарын білдірді. 1-хатшысы болған Колбиннің орнынан кетуін талап еткен болатын. Жиналған топтың оңайлықпен тарамайтынын білген Кеңес билігі жастарды алаңнан күштеп қуды.  Талай жастың тағдыры сынды, талай саңылақ құрбан болды.

Тоңдырды мені, тоңдырды сені. Желтоқсан желі ызғарлы. Солдырды гүлді, оңдырды нұрды, көңілді мұңды із қалды. 34 жыл бұрын орын алған осы бір қайғылы оқиға жайында жазылған өлең-жырлар мұңды, зарлы. Кеңес дәурінің бодандығынан шығып, Тәуелсіздік алғанымызға 30  жыл толады. Желтоқсандықтардың айтуынша, Желтоқсан оқиғасы әлі де болса өзінің тарихи мәртебесін ала алмай отыр. Әрине желтоқсандықтар мәселесі жаппай қуғын-сүргінге ұшырағандарды ақтап алу заңнамасына енгізілді. Қандай да бір жеңілдіктер де қарастырылған. Президенттің тиісті жарлығы да шықты. Бірақ ол жұмыс істемей отыр дейді Құрманғазы Рахметов. Ол сол күні алаңға шыққандар қатарында болған. Саяси көзқарасын білдіргені үшін сотталып, 3 жыл абақтыда отырып шыққан.

Тіпті сол қайғылы оқиғадан қанша қазақ жастарының қаза тапқаны әлі күнге дейін нақты емес. Ресми деректерде қайтыс болған төрт адамның ғана аты айтылады. Ал бейресми деректерде марқұм болғандар саны бұдан да көп дейді. Сондай-ақ, осы көтеріліске қатысқан 99 жас сотталып, 264 студент оқудан шығарылған деген мәліметтер де бар.

Алматыда орын алған Желтоқсан көтерілісін сарапшылар КСРО-ны құлатуға бірден-бір түрткі болған оқиға екенін айтуда. Ал біздің елде бұл тарихи күн- "Желтоқсан көтерілісі" деген ресми атауға  ие болды. Бүгінде Желтоқсан оқиғасы 1991 жылдан бері тек мектеп қабырғаларында, Желтоқсан ұйымдарының деңгейінде ғана аталып келеді. Бұл күн Тәуелсіздік мерекесімен тұспа-тұс келгендіктен республика аумағында жаппай мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.