0:00 / 0:00
Содыр жейтін соққыны момын да жеп жатыр. Мәжілістегі "Ақ жол" фракциясының депутаттары қасіретті қаңтар оқиғалары кезінде жазықсыз тұтқындалған азаматтарды босатып, тергеуді әділ жүргізуді талап етті. Бас прокурор мен президент жанындағы Адам құқығы жөніндегі уәкілге жолданған депутаттық сауалда Қазыбек Иса, партияға жазықсыз жазаланып жатқандардың туған-тусытарынаН шағымдар келіп жатқанын айтты. Депутат «мемлекеттік төңкерісті жасамақ болған кімдер, басшысы кім, қосшысы кім, орындаушылары кімдер, бәрі түгел анықталып, толық жауапқа тартылуға тиіс!»-деді.
Қаралы қаңтар оқиғаларында алаңға шыққандардың ішінде арандатушылармен бірге, бейбіт шеруге шыққандар да құқық қорғау органдарының қолына түсіп, жасамаған қылмысын мойындату бойынша әртүрлі заңсыз әрекеттер жүргізіліп жатыр. Бұны бас прокуратура да, адам құқын қорғау уәкілі де, әлеуметтік желіде тараған шағымдар да растап отыр. Мәжілісмен Қазыбек Иса құзырлы органдардан қаңтар қырғынына кінәлілер мен кінәсіздердің ара-жігін ажыратуды талап етті. Депутаттың мәліметінше, жаппай тәртіпсіздіктер барысында 227 адам қаза тапты, 4500-ден аса адам зардап шекті. Әзірге мемлекеттік төңкерісті жасамақ болған кімдер, басшысы кім, қосшысы кім, орындаушылары кімдер? Ол жайында мәлімет толық айтылған жоқ. Депут олардың бәрі анықталып, толық жауапқа тартылуы тиіс, - дейді. Содыр жейтін соққыны момын да жеп жатыр. Жазықсыздар жазаланбасын деген талабын алға тартты.
Ақжолдықтар арыз-шағым көбейгендіктен, президент жанындағы Адам құқығы жөніндегі уәкілдіктің арнайы топтарына жергілікті мәслихат депутаттарын, қоғам белсенділерін қосуды ұсынды.
Сондай-ақ, фракция депутаттары тергеуді заң жолымен әділ өткізуді, қамаудағыларды азаптауды тоқтатып, жаралыларды ауруханаға жатқызуды да талап етті.