0:00 / 0:00
Депутат Ләззат Рамазанова Қаржы министрлігін құрылыс саласындағы шығындар үшін сынады. Мәжілісмен Үкіметке жолдаған сауалында мемлекеттік органдар бюджеттік объектілердің құрылысына қажетті қаржы қарастырмай тендерлер жариялайды. Бұл құрылысшыларды несие алуға, материалдар мен жалақыны үнемдеуге мәжбүр етеді деді. Депутаттың айтуынша, «Сәулет қызметі туралы» заң тапсырыс берушіні бюджеттік объектілердің құрылысына тендер жариялау кезінде қажетті қаржыландыру көздеріне ие болуға міндеттейді. Бұл ретте, Бюджет кодексіне сәйкес қаржыландыру мерзімдері ЖСҚ бойынша жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс. Алайда, іс жүзінде мемлекеттік органдар бұл талаптарды сақтамай отыр. Бұл жағдайда құрылыс компаниялары қаржыландырусыз қалады және шығынға ұшырайды.
ЛӘЗЗАТ РАМАЗАНОВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Осы жылдың басында Астана қаласының Құрылыс басқармасы инженерлік желілерді салу бойынша жұмыстарға конкурс жариялады. Байқау бағасы– 1 млрд 111 млн теңге. Іске асыру мерзімі–үш жыл. Алайда бірінші жылға көзделген сома 1теңге! Қалған ақша екінші жылыберіледі. Елде мұндай мысалдар өте көп».
Рамазанова ханым мұндай ірі жобаларды тек құрылыс нарығының ірі ойыншылары ғана жүзеге асырады дейді . Шағын және орта бизнес субъектілері барлығына тәуекел етіп, несиеге батып, оның соңы сотпен, банкроттықтар және «созылмалы құрылыстармен» аяқталады.
ЛӘЗЗАТ РАМАЗАНОВА – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Тапсырыс берушілер тарапынан дұрыс жоспарламау жобаның сметалық құнының қымбаттауына әкеледі, өйткені құрылыс материалдарының, жұмыстар мен қызметтердің бағасы жылдан жылға қымбаттап жатыр. Бізде құрылыс материалдарының 70 пайыз импортпен келеді .Тапсырыс беруші жобаны түзетуді құны 10% -дан асқан кезде жүргізе алады, алайда іс жүзінде ол қосымша қаражаттың қарастырылмауына байланысты түзетуге ынтызар емес. Қаржы министрлігінің бәріне берер жауабы бір –ақша жоқ!»
Мәжілісмен үкіметтен қазіргі экономикалық жағдайда құрылыс саласын қаржыландыру мәселесін ерекше назарға алуды талап етті. Ал Құрлысшылар қауымдастығының мәліметінше, қаржы тапшлығынан елдегі құрылыс компанияларының 15 пайызы банкротқа ұшырау алдында тұр.