Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ

c 21:21, 13/10/2023 c 105

0:00 / 0:00

Әлемнің 30 елінен келген IT мамандар болашақтың талабын талқылады. Digital форумында IT индустриясының соңғы үрдістері мен даму перспективалары сөз болды. Жасанды интеллект заман талабына айнала бастады. Уақыт өткен сайын жасанды интеллект дамуы артуда. Жасанды интеллект дегеніміз – адамның ойын, іс-әрекетін компьютерде бейнелейтін компьютерлік жүйе. Бұл сөзді алғаш рет 1956 жылы Дартмут университетінде, Жон Маккарти есімді азамат қолданған көрінеді. Содан бері бұл саланы зерттеушілер саны артып келеді. Қазірдің өзінде жасанды интеллект сараптамалық жүйелер жоғары білікті мамандар жетіспейтін орында тиімді шешімдерді жасауға көмектеседі. Мсыалы,қашықтықтан оқыту, медициналық диагноздарды алдын-ала қоюға болады. Адамдардың ішкі ағзалардағы ісіктерді анықтауда үлкен рөл атқарады. Қытай медицина саласына жасанды интеллект енгізбекші. Ол үшін бюджеттен 100 млн доллар қаржы бөліп отыр. Әлемнің дамыған ірі елдері арасында технология өндіруден бәсеке болып жатыр. Қазақстан да заманның талабынна қалыс қалмаудың жолын іздеуде.

ҚАСЫМ –ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ « Amazon, Google, Mastercard және Citigroup сияқты әлемге танымал компанияларды тартуға болады. Жақында Нью-Йорк қаласына жасаған сапарымда аталған компаниялардың басшыларымен кездестім. Тиісті уағдаластықтарға қол жеткіздік. Сонымен қатар жасанды интеллектіге арналған деректер экожүйесін дамыту маңызды. Шын мәнінде, жасанды интеллектінің "қорегі", қозғаушы күші – үлкен деректер қоры. Қазақстанда осы салада түрлі шешімдер жүзеге асырылды"

Сондай-ақ, Тоқаев ел үікметіне 2024 жылы Ұлттық жасанды интеллект платформасын іске қосуды тапсырды. Мемлекет пен ірі бизнес деректерін біріктіріп, олардың өзектілігі мен қолжетімдігін қамтамасыз ету қажет деді президент. Үкіметке екі жыл ішінде жасанды интеллектіге маманданған дата-орталықтардың құрылысын жүргізуі тиіс. Smart Data Ukimet арқылы анонимді деректерге еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуі керек. Президент бұл орайда барлық ақпараттың анонимді болғаны әрі сенімді қорғалғаны жөн екенін айтты. Жеке деректердің таралып кетуіне қатысты барлық қауіпті жою қажет, - деді. Және ұлттық статистикаға реформа жүргізетін уақыт жетті.

Дегенмен, Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектінің адам өмірін жеңілдетуге тигізер пайдасы мен қаупі барын да айтты.

300 ден астам IT компанияның өкілдері бас қосқан халықаралық жиын одан әрі жалғасуда.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.