Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАС КЕЛСЕ ІСКЕ

c 08:23, 23/05/2022 c 356

0:00 / 0:00

Дәл қазір жастар арасындағы жұмыссыздық басты проблемаға айналды. Сенаторлар ұсынған мәліметтер бойныша, тәуелсіз ұйымдар жүргізген сауалнамаға сәйкес, 25-29 жас арасындағылардың 12%-ке жуығында тұрақты жұмыс жоқ. Жоғары білімі туралы дипломы бар қазақстандық жастардың 40%-тен көбі мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Өкінішке орай ақылды жастардың елден кетуі артып отыр. Жас мамандардың мемлекеттік қызметте жұмыс істеуге құлқы жоқ. Себебі, таныс-тамырсыз еңбек жолында өсу жоқ дейді депутаттар. Бұл сындардың барлығы бүгін Парламент Сенатында өткен жастар мәселесіне қатысты тыңдауда айтылды.

Жас келсе іске елдің дамуына үлкен үлес қосар еді. Қазақстанда жастар саясаты әлі бір жолға қойылмай отыр. Үкіметтің жастарды қолдауға арналған сансыз бағдарламалары, жастар туралы заңнама ел жастарының прооблемасын толыққанды шеше алмауда. Үйсіз-күйсіз жүрген, қолында бір емес, бірнеше дипломы бар, бірақ жұмыссыз жүрген жастардың қатары артуда. Сенаторлар елде жұмыссыздық пен мамандық бойынша бейімдеу жұмыстары нашар жүргізіліп отыр дейді. Палат төрағасы Мәулен Әшімбаев тәуелсіз ұйымдардың дерегін алға тартты. Қазақстанда 25-29 жас арасындағылардың 12%-ке жуығында тұрақты жұмыс жоқ. Жоғары білімі туралы дипломы бар қазақстандық жастардың 40%-тен көбі мамандығы бойынша жұмыс істемейді. Депутаттардың пікірінше, білім ордалары дайныдап жатқан мамандықтар жұмыс берушінің сұранысымен сәйкеспейді. Сол себепті жұмыссыз жастар саны артуда.

Өкінішке орай елдегі білім беру сапасына көңілі толмайтын, жұмыс таба алмаған талай білімді, ақылды жастар шетел асып жатыр деп дабыл қақты сенаторлар. Үкіметтегілер болса бұл статистиканы жұмсартуға тырысып бақты.

Осылайша жастар мәселесіне қатысты тыңдалым шешімі табылмай жатқан проблемалармен шектелді. Үкімет басшылары болса жасаймыз, шешеміз, жоспарлаймыз, тағы да сол жаңа бағдарламаны қабылдаймыз деген құрғақ уәдемен құтылды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.