Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жас кәсіпкерлер форумы өтті

c 17:29, 23/10/2018 c 932

0:00 / 0:00

Қаламызда жас кәсіпкерлердің форумы өтті. Форумға қаламыздың барлық аймағынан 30-ға тарта жас кәсіпкер қатысты. Олардың жас шамасы 19 бен 25 аралығында. Форум аясында қатысушылар өз бизнесін ұйымдастыруға қажетті ақпарат алып, кәсіпті дамыту жолдарын талқылады.
Сонымен қатар қаламызыдың қатарластарынан оқ бойы озық жүрген қыз-жігіттердің жеткен жетістіктері баяндалды.

Алғыр ойлы, істің тетігін білетін жастар елдің ертеңі екені сөзсіз. Әрине, бұл бағытта олардың өзара тәжірибе алмасып, ортақ ойласуының да маңызы зор. Осы тұрғыдан келгенде қаламызда өткен «жас кәсіпкерлер» форумы соған дәлел. Форум аясында жас кәсіпкерлер сөз алып өздерінің тәжірибесімен бөлісіп жатты. Болашақ экономиканың шешуші күші–жастар екені мәлім. Мемлекет жас кәсіпкерлерге түрлі жеңілдіктер мен көмектер көрсетіп жатыр.

Қаламызда жастардың бастауымен шағын және орта бизнес нысандарының саны артып, экономикалық әлеуетіміздің жыл өткен сайын нығайып келе жатқаны сөзсіз. Ол мақсатта мемлекет тарапынан түрлі бағдарламалармен қатар қаржыландыру жұмыстары жүріп жатыр.Сондай жас кәсіпкердің бірі Ақұштап Бірлесқызы. Кезінде несие алып бүгінде 7 адамды жұмыспен қамтып отырған "Ақұштап" салонының басшысы.

Шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы аясында "Бизнестің жол картасы 2020" бағдарламасы бойынша республикалық бюджеттен 341,3 млдр теңге бөлінген. Демек,сіз кәсіп ашу жолында мемлекеттің арнайы бағдарламасына иек арта аласыз.

 

Автор:
Оператор: Нурлан Кунашев

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.