0:00 / 0:00
Елде букмекерлік кеңселердің жарнамасы көбейіп кетті. Ал бұл жарманалар құмар ойынға баулиды. Сенатор Амангелді Толамисов Үкіметке жолдаған сауалында «Ойын бизнесі туралы» заңда электронды казинолар мен интернет-казино қызметтеріне тыйым салынған, ал «Жарнама туралы» заңда мұндай казинолар мен олардың қызметтеріне жарнама жасауға да рұқсат етілмегенін еске салды. Дегенмен бұл заң талаптары орындалмай отыр деп алаңдады.
Ойынқұмарлық жабысқан ауруға айналған. Қоғамда ойынқұмарлықтан зардап шегіп жүргендер көп. Сенат депутаты Амангелді Толамисовты алаңдатып отырғаны- букмекерлік кеңселердің жарнамасы көбейіп кетті. Бұл мәселе Парламентте бірнеше рет көтерілгенді. Оның айтуынша, ойын автоматтары кез келген жерге қойылған, ставка қабылдау пунктері еркін жұмыс істейді. Жарнама серіктестері де көбіне букмекерлік компанияларды жарнамалап, күн көріп отырғандықтан, одан бас тартпайды. Бұған тоқтау салмаса, қоғамдағы жағдай ушығып барады - деді сенатор.
«Ойын бизнесі туралы» заңда электронды казинолар мен интернет-казино қызметтеріне тыйым салынған, ал «Жарнама туралы» заңда мұндай казинолар мен олардың қызметтеріне жарнама жасауға да рұқсат етілмеген. Дегенмен, заң талабы орындалмай отыр. Депутат үкіметтен қолданыстағы заңнамаға осындай жарнама үшін жауапкершілікті күшейтетін нормалар енгізуді талап етті.
Өздеріңізге мәлім жақында құмар ойынына әуес шенеуніктер, казиноға барып миллиондарын шашып жүргені туралы ақпарат тарады. Ол мемлекеттік қызметте жүріп, казиноға ақшаны қайдан алды?,-деген сұрақ туды. Еске салайық, Алматы облысының прокуратурасы казино мен ойын автоматтары залдарына тексеріс жүргізіп, 305 шенеунік казиноға 507 миллион теңге жұмсағанын анықтаған еді. Тіпті Прокуратура казиноға барғыш әртүрлі ведомстволардың өкілдері қанша ақша жұмсағанын нақтылады. Құмар ойынға әуес шенеуніктер қатаң жазаланатыны да айтылды.