Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Жарнама емес...

c 17:42, 22/05/2019 c 895

0:00 / 0:00

Орал қаласындағы көп қабатты үйлердің қабырғасында телеграмм қолданушының сілтемелері  жазылған белгісіз жазулардың орнына суреттер  салынуда. Бұл  беймәлім хабарлар астарында астыртын есірткі саудасымен шұғылданушылар мекенжайы жасырынуы мүмкін дейді құқық қорғау өкілдері. Алина Журавлева мен Ольга Валерова аталмыш хабарламалардың астарында не жасырынғанынан хабардар секілді. Өйткені қоғамда орын алып жатқан  қауіпті жағдайларға бей-жай қарамай, өздерінің қал-қадірінше тосқауыл қоюды қолға алыпты. Бұл олардың бастамасымен  қолға алынған үшінші мекенжайдағы сырлау жұмыстары. Яғни бірнеше есірткі бизнесі өкілдерінің мекенжайының орнына көрсең көзің тоймайтын ертегі кейіпкерлері бейнеленген. Осы орайда құқық қорғау өкілдері де аталмыш мәселені жоққа шығармайды. Сонымен қатар құқық қорғау өкілдері аталмыш жарнамаларды жою жолында ПИК қызметінің тартылып жатқанын да тілге тиек етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.