0:00 / 0:00
Жануарларға жасалған қатыгездікті БАҚ пен әлеуметтік желіде көрсетуге тиым салынды. Ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Бүгін Парламент Сенаты "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң жобасын қабылдады. Заң жобасында "жануарларға қатыгездік көрсетуге және баспа, аудио және өзге де хабарламалар мен материалдарды пайда табу, көрсету, тарату және өзге де жолдармен насихаттауға, зорлық-зомбылыққа шақыруға" тыйым салу көзделген.
Парламент жануарлар әлемін қорғайтын заң жобасын қабылдады. Енді жануарларға жасалған қатыгездік үшін әкімшілік жауапкершілік күшейтіліп отыр. Жануарларға қорлық көрсеткен жағдайда жеке тұлғаларға 5, лауазымды тұлғаларға 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.Егер бұл жағдай қайталанатын болса азаматтарға 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, лауазымды тұлғаларға 40 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл көзделген. Сондай-ақ, сенат жануарларға жасалған зорлық-қорлықты БАҚ пен әлеуметтік желіде көрсетуге тиым салып тастады. Ол үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мемлекеттік тілде сөйлегісі келмейтін, Экология министрі Серікқали Брекешевтің қашып жүріп берген жауабынан түсінгеніміз, ақпаратты жариялауға тыйым салынбайды, бірақ фото және бейнематериалдар көрсетуге шектеу қойылды.
СЕРІКҚАЛИ БРЕКЕШЕВ – ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ "Егер БАҚ-та қатыгездік, өлтіру немесе қандай да бір жарақат салу әрекеттерін көрсететін кадрлар қойылса, жауапкершілікке тартылады".
Алайда журналистер қауымы жануарларға ұатыгездік дерегін көрстуге тиым салынса, бұл мәселе қоғамда кең таралуына тосқауыл болып, жануарлардың жағдайын одан әрі қиындатуы мүмкін еген пікірде. Өздеріңізге мәлім, Каспий теңізінің жағалауында итбалықтарды қорлаған балалардың ерсіз әрекеті БАҚ бетінде жарияланған кезде ел Президентінің назарына ілініп, бүгінгі Жануарларды қорғау заңының қабылдануына себеп болды.
Енді әлеуметтік желілерде немесе WhatsApp хабарламаларында жануарды қорлаған видео таратқан болсаңыз жазаға тартыласыз. Өкінішке орай жан-жанураларды қорлау, асырап алған ит-мысығын қараусыз қалдыру немесе аса қатыгездікпен өлтіру деректері көп орын алады. Әлеуметтік желіде тараған жан түршігерлік бейне түсірілімдер тіршілік иесі-жануардың да жаны бар екенін есепке алмайтындай. Итбалықтарды қорлаған балалардың әрекеті, желіде итті тірідей өртеп жібергендер, тізе берсек мұндай оқиғалар баршылық.