0:00 / 0:00
Елде дизель отынының тапшылығы орын алып отыр. Бұл егін жинау, егін егу науқанында орын алатын дәстүрлі үрдіс. «ҚазМұнайГаз» басшылығы Қазақстан аумағынан бензин, дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен әкетуге тыйым салынғанын айтады. Ал автожанар-жағармай станцияларында сараланған бағалар енгізілді. Энергетика министрі Болат Ақшолақов жанар-жағар майға баға өспейді деп сендіреді. Дегенмен министр келесі жылы бағаның қандай деңгейде болатынына кепідік бере алмады.
Айта кету керек ҚазМұнайГаз осы нарықтағы монополист. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметтерге сүйенсек, CNPC және «ҚазМұнайГаз» – отандық энергия тасығыштар секторында жеке¬-дара көш бастап, нарықты иемденіп алған компаниялар. Аталған монополистер ішкі нарыққа жеткізілетін мұнайдың 80%-ын өндіріп, 3 ірі мұнай-өңдеу зауыты мен жағармай құю стансаларының негізгі бөлшек сауда желілеріне иелік етеді. Бұл компаниялардың еншісіне кірмейтін тәуелсіз жағар¬май құю станса желілері мұнай өнімдері¬нің жетіспейтін көлемін делдалдар-дан алуға мәжбүр. Қаз-Мұнайгаз саласын басқарып отырған Мырзағалиев болса елде дизель отынын тұтыну 30 пайызға артты, бұған көрші елдерге кетіп жатқан «көлеңкелі экспорт» себеп болып отыр, - деп ақталды. Саладағы тапшылықпен күресе алмай отырған Мырзағалиевтің бұған дейін сөгіс алғаны есімізде. Десе де «ҚазМұнайГаз» компаниясының басшысы жылы орнынан кеткісі келмейді.
Брифинг барысында мәлім болғандай, қазақстандықтарды қымбатшылық күтіп тұр. Электр энергиясына тариф өседі. Бүгінгі тариф өндірушілердің шығынын толық жаппай отыр дейді энергетика министрі. Тұтынушылар электр энергиясына келген түбіртектен шошынбауы үшін, түнгі тариф енгізілмек.