0:00 / 0:00
Президенттің жаңа жылдық сыйлығы – үкіметте ауыс-түйіс орын алды. Бес бірдей министр отставкаға кетіп, олардың орнына су жаңа басшылар тағайындалды. Премьер-министрдің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына Ғалымжан Қойшыбаев жайғасты.
Сәрсенбінің таңы жаңа тағайындаулармен атты. Жаңа жылда жаңа жаңа министрлерге қарық болдық. Өткен жылдың қортындысы бойынша жыл министрі болған Асхат Аймағамбетов отставкаға кетіп, Президенттің Жарлығымен оқу-ағарту министрі креслосына Ғани Бейсембаев жайғасты. Бүгінгі күнге дейін ол осы министрлікте орынбасар міндетін атқарған еді. Ғани Бейсембаев 1969 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Өздеріңізге мәлім, өткен жылдың соңғы күндерінде әділет министрінің орын босап қалған болатын. Қанат Мусин Конституциялық сотқа судья болып тағайныдалған болатын. Жаңа жылда әділет министрі лауазымы Азамат Есқараевқа бұйырды. Есқараев 1979 жылы Алматы қаласында туған. Соңғы қызметі премьер-министр кеңсесіндегі заңгерлік бөлім меңгерушісінің орынбасары. Сондай-ақ, экология министрлігінде де ауыс-түйіс орын алды. Серікқали Брекешев өз орнын 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген Зүлфия Сүлейменоваға босатып берді. Отыздан енді асқан экология және табиғи ресурстар министрі Сүлейменова бұған дейін мәжіліс депутаты, одан соң экология вице-министрі болды. Ал «Аманат» партиясының хатшысы міндетін атқарып келген Асхат Оралов мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды. Оралов та жас министрлер қатарына кіріп отыр. Ол 1990 жылы Пауладар өңірінде дүниеге келген. Мемлекет басшысының жарлығымен Қайырбек Өскенбаев қызметінен босатылып, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі лауазымы Марат Қарабаевқа бұйырды. Ол да осы салада вице-министр болғанды. 1987 жылы Өзбекстанда туған. Не керек, тағайындалған бес министрдің төртеуі -жастар.
Ал отставкаға кеткен шенеуніктердің одан арғы тағдыры қалай болмақ оны уақыт көрсетеді. Олардың бірі халық үмітін ақмағаны үшін кеткен болса, енді бірі бұдан да жоғары лауазымға жайғасуы әбден мүмкін. Депутаттар мәдениет министрі болған Дәурен Абаевтың үкімет құрамынан кетуіне себептер көп болды дейді.
Жалпы министрлердің бір орында көп отырмағаны жөн дейді халыққалаулылары.
Енді үкімет кеңсесі деген ұғым болмайды, үкімет аппараты деп аталады. Бүгін Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев Премьер-министрінің орынбасары – Үкімет аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін Премьер-министр Кеңсесінің басшысы болған еді.