Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУЛАР

c 09:25, 28/02/2022 c 433

0:00 / 0:00

Ел билігінде тағы да ауыс-түйіс. Көпшілік күткен Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызметінен кетті. Есесіне Тұрғымбаев жұмыссыз қалмай, бірден Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды. Ішкі істер министрлігін жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін басқарып келген Марат Ахметжанов тізгіндеді. Ал оның орнына орынбасары Олжас Бектенов тағайындалды. Сондай-ақ, тұңғыш Президенттің үлкен қызы Дәриға Назарбаева депутаттық мандатын тапсырды. Ол бүгін Парламент Мәжілісінің депутаттығынан кететінін мәлімдеді. Ақордадан жеткен тағы бір хабар- Әсет Исекешев Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалды. Жаңа тағайындаулар жайында тілші тарқатады.
Қаңтар трагедиясынан соң жүздеген азамат жазықсыз жазаланды, азаптауларға тап болды деген шағым көбейді. Әлеуметтік желіде мұндай ақпараттардан көз сүрінеді. Тіпті құқық қорғау органдарының бұл әрекетіне қатысты тергеу жұмыстары да басталды. Осы жағдайға қатысты қазақстандықтар қол жинап, ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың отставкаға кетуін талап еткен еді. Бүгін көпшілік күткен бұл шешім қабылданды. Ақорда Ерлан Тұрғымбаевтың ішкі істер министрі қызметінен босатылғанын хабарлады. Ол ішкі істер министрлігін 2019 жылдан беріп басқарып келді. Бірақ 60 жасқа келіп қалған Тұрғымбаев жұмыссыз қалған жоқ. Бірден Президенттің кеңесшісі қызметіне топ ете қалды. Тұрғымбаев журналистердің есінде сұрақтан қашатын, жақсы жүгіретін министр ретінде қалмақ. Ал егер қаңтар оқиғаларынан соң азаптауларға қатысты 190 іс бойынша жүргізіліп жатқан тергеулерден кейін полицейлердің кінәсі дәлелденсе, экс-министр жауапқа тартылуы мүмкін бе?

Ал ішкі істер министрі болып Марат Ахметжанов тағайындалды. Ахметжанов бүгінгі күнге дейін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігін басқарып келгенді. Аталмыш агенттікті енді Олжас Бектенов басқаратын болды. Бектенов бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келгенді.Сондай-ақ, Ақорда Әсет Исекешев Қазақстан Президентінің көмекшісі болып тағайындалғанын хабарлады. Осылайша ол Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы лауазымынан босатылып, көмекші міндетін атқармақ. Биілктегі ауыс-түйіс мұнымен тәмам болған жоқ. Парламент мәжілісінде де өзгерістер орын алуда. Қаңтар трагедиясынан соң, Мәжілісте төбе көрсетпеген депутат Дәриға Назарбаева Парламенттен кететінін мәлімдеді. Тұңғыш Президент Н.Назарбаевтың үлкен қызы БАҚ бетінде "бүгін Мәжіліс депутаты өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдадым және толығымен қоғамдық, гуманитарлық, мәдени және қайырымдылық қызметке ден қоюды ұйғардым", - деп үндеу жариялады.
Бұған дейін әріптестері оның депутаттықтан кетуін талап еткенді.

Сөйтіп, Дариға Назарбаеваның депутаттық өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысы жерде қалмай, мәжіліске енгізіліп, Орталық сайлау комиссиясы тиісті қаулыны қабылдады. Ал Назарбаеваның Мәжілістегі жұмсақ орына қоғам қайраткері Саясат Нұрбек келетін болды. Бұл жайында «Nur Otan» партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов хабарлады. Айта кетейік, Саясат Нұрбекке депутаттық кресло партиялық тізім бойынша бұйырып отыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.