0:00 / 0:00
2025 жылдан бастап елде жаңа әскери құрылым құрылады. Ол резервтегі қызмет деп аталмақ. Осы мақсатта Парламент мәжілісі резервтегі қызмет туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Қорғаныс министрінің айтуынша, резервистермен келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалады. Даярлық бір жылда екі айдан аспайды. Заң мемлекетіміздің мобилизациялық дайындығын жетілдіруге бағытталған. Әлемде экономикасы дамыған бірде бір жетекші мемлекет толық жинақты армияны ұстай алмайды. Себебі бұл өте қымбат. Резервтегі қызмет туралы заң бірнеше елде – Ресей, Франция, Италия, Беларусь және тағы басқа мемлекеттерде бар", - деді Жақсылықов.
Резервтегі қызметке келгендер әлеуметтік-тұрмыстық, заңнамалық және материалдық-техникалық тұрғыдан қамтамасыз еілетін болады. Алғашқы кезеңде 2 мыңға жуық резервисті шақыру жоспарланған. Ең алдымен салалық мамандарға басымдық берілмек. Бұл мақсатқа бюджеттен жылына 3,5 млрд теңге бөлінбек. Ол резервтегі қызметкерлердің жалақысына жұмсалатын сома. Депутаттар әлемде геосаяси ахуал өршіп тұрғандай жаңа әскери құрылымды құру қажет деп отыр.
Сондай-ақ, халыққалаулыларын жалпы әскер қатарында жүрген сарбаздардың ішінде әкім-қаралардың балалары бар ма деген сұрақ мазалады.
РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ «Мен мысал келтіргім келеді. Бұрыншы ІІМ басшысы, менің бұрынғы басшым Қалмұханбет Қасымов екі жиенін жетектеп әкеліп, сарбаз болып қызмет етуге әскерге әкелген. Бұрынғы сенатор Мұхтар Құл-Мұхаммедтің ұлы беделді мектепті бітірген соң, сарбаз болып әскер қатарына қосылды, ал қазір ол АҚШ-тағы әскери училищеде курсант. Министерлердің, депутаттардың ұлдары деп норма қарастырудың мағынасы жоқ. Заң бәріне бірдей».
Ал қорғаныс министрінің ұлы әзірге студент. Ол ұлын әскерге жетектеп әкелемін деп отыр.
РУСЛАН ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҚОРҒАНЫС МИНИСТРІ «Ұлым әлі студент, жиырма жаста.Оқуын аяқтағаннан кейін Отан алдындағы борышын өтеу – оның қасиетті міндеті. Мен оны әскерге өзім қолынан жетектеп апарамын. Өзі қалаған жерге барады. Бірақ арнайы бөлімшелерде немесе барлау қызметіне бейімі бар»