0:00 / 0:00
Еңбек министрлігінің адына жиналған толық емес отбасы яғни жалғыз басты аналар биліктен баспанамен қамтуды талап етті. Аналардың айтуынша, олар баспанаға қатысты ешбір бағдарламаға қатыса алмай қалған. Оның ішінде Бақытты отбасы бағдарламысынан толық емес отбасылар 2026 жылға дейін алынып тасталғанын айтып, налыды. Арыз-шағымдарын айта келген жалғызбасты аналардың ішінде көпбалалылар да бар. Олар бұл талаптары ел басшының наразына іліксе деген үмітте. Сатып алу құқығымен бастапқы жарнасыз баспана берілсін дейді аналар.
Наразылық акциясын өткізген аналардың алдына еңбек министрлігінен ешкім шықпады. Тек Астана қаласы әкімінің кеңесшісі келіп, бұл мәселеге әкімдік жауап бермейді деді. Шенеунік кезекте тұрғандардың мәліметін айтып құтылды.
Еске сала кетейік, бұған дейін Отбасы банк" АҚ басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова "Бақытты отбасы" бағдарламасынан "толық емес отбасы" санаты неге алынып тасталғанын түсіндірген болатын. Ибрагимова 2 пайыздық несие алу үшін елде ажырасулар саны жиілеп кеткен. Арасында жалған ажырасулар да жоқ емес. Яғни "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша арзан несиеге үй алу үшін қазақстандықтар осындай қадамға баратын көрінеді дегенді. Сол себепті "Бақытты отбасы" бағдарламасына қатысатындар тізімінен "толық емес отбасы" алынып тасталып, олар "Шаңырақ – 5-10-20" бағдарламасы бойынша ипотека ала алатын болады. Алайда, жалғызбасты аналар бұл несиені қалтамыз көтермейді деп отыр.