Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАЛҒАН ВАКЦИНА ПАСПОРТЫН ЖАСАТҚАН

c 17:15, 14/07/2021 c 1418

0:00 / 0:00

Елдегі эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанына қарамастан вакцинация паспорты мен ПЦР анықтаманы қолдан жасайтындар тыйылмай тұр. Сандарды сөйлетсек, жыл басынан бері жалған құжат жасатқан 30 тұлғаға қатысты қылмыстық іс қозғалыпты. Бұндай жағдай біздің өңірді де айналып өтпеді. Аудандардың бірінде "Екпе алдым" деп жалған құжат жасатқан азаматша анықталды. Білім ошағында ұстаз болып жұмыс жасайтын 1984 жылғы әйел адам вакцинация паспортын заңсыз алған. Алайда оны қалайша және қаншаға, бастысы кімнен алғаны тергеу жұмыстары аяқталғанша айтылмайды,- деп погондылар қысқа қайырды.

Қолдағы заңнамаға сәйкес, жалған екпе паспортын қолданғандар 467 мың теңге айыппұл төлесе, жалған құжат әзірлегендерге 6 миллион теңгеге жуық айыппұл салынады екен. Оның өзі қылмысқа баруға тежеу болмай тұр. Естеріңізге салсақ, Нұр-Сұлтан қаласында жалған ПЦР тестілеу анықтамасын жасаған медицина орталығының директоры ұсталған болатын. Күдікті осы қызметі үшін клиенттерден 6000 теңгеден алып келген. Ал біздің өңірде бұндай қылмыс алғаш рет тіркеліп отыр. "Короновирустан ада" деген жазуды жаздыртып алғандардың әрекетін әркім әрқалай бағамдайды.

Жалған құжаттардың пайдасынан зияны басым. Жазасы-қылмыстық жауапкершілік. Оны Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізген президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. Сонымен қатар, жиын барысында вакцина паспортын жасап сатқандарды қатаң жазаға тартуды тапсырды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.