Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАЛҒАН ВАКЦИНА ПАСПОРТЫ БАЗАДАН ӨШІРІЛЕДІ

c 10:14, 12/10/2021 c 1831

0:00 / 0:00

Пандемия барысында Қазақстан 4 коронавирус толқынынан өтті. Қазір елде індет жұқтырушылар саны төмендеп, эпидемиологиялық ахуал тұрақтануда. Қазақстанның алты өңірі "жасыл" аймақта, бес өңір "қызыл" және алты облыс "сары" аймақта тұр. Парламент мәжілісінде өткен үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдайды баяндаған еді. Қазір ковид инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақтануда. Тәулігіне індетке шалдыққан 2 мың адамға дейін тіркеледі, 1 тамызбен салыстырғанда репродуктивті сан 1,2 есе, 1,11-ден 0,96-ға дейін төмендеді, - дейді министр.

Бас дәрігер Алексей Цойдың айтуынша, елдегі эпид жағдайдың оңала бастауына санитарлық нормаларды сақтаудың және ковидке қарсы вакцина алудың арқасында қол жеткіздік. Бүгінде Қазақстан халқының 41 пайызы екпенің бірінші компонентін алды. Дегенмен халық арасында вакцинаға сенбейтіндер саны әлі де көп. Осы жылдың бірінші жарты жылдығында 3,5 мыңға жуық адам вакцина салдыруға келіспеген. Министрлік антиваксерлермен үнемі түсіндіру жұмысын жүргізуде дейді Цой. Өкінішке орай, екпе алмағандар жұмысқа келе алмайды. Қоғамдық орындарға бара алмайды. Осылайша елде вакцинациялауға міндеттеу жүріп жатыр. Бұның арты парақорлыққа әкеліп соғуда. Қазір жалған вацина паспортын сатып, бизнесін өрбітіп отырған ақ халатты жандардың ісі жүріп тұр. Екпеге сенбейтіндер 20-30 мың теңгеге жалған вакцина паспортын сатып алуда. Депутаттардың мәліметінше, жыл басынан бері вакцина паспортын қолдан жасаудың 130 фактісі тіркелген. Бұл ретте қаржы мониторингі агенттігі 30 қылмыстық іс қозғаса, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тағы 11 қылмыстық іс қозғады. Мәжілісмендер халыққа қауіп төндіретін мұндай жағдайға жол беріп қойған денсаулық сақтау министрлігін сынға алды. Алексей Цой жұмысына адал қарамайтын әріптестерінің барын мойындады. Министр жалған вакцина паспортын жасатқандардың мәліметі базадан алынып тасталатынын айтты.

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ –ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ « Бұл ретте 90-нан астам қылмыстық іс қозғалды, оның жартысынан астамы жалған ПТР-тест, ал қалғаны вакциналау паспортына қатысты. Әрбір пункт бойынша тексеріледі. Сот шешімі шыққаннан кейін, барлық жалған паспорттар базадан өшіріледі. Бірқатар медициналық мекемелерде камералар орнатылды. Сонымен қатар ішкі қадағалау бар, медициналық ұйымдар өздері де тексеру жүргізеді»

Министр вакцина паспортын қолдан жасату проблемасы тек Қазақстанда ғана емес, көрші елдерде, тіпті Еуропада да бар екенін, ол қылмыспен қудаланады дейді. Қауіпті індетпен күресте енгізілген карантиндік шектеулер бизнеске тиген соққы болды. Депутаттар кәсіпкерлерді тексеретін мониторингтік топтың жұмысын сынға алды. Бизнеске қойылатын талап тым күшейіп кеткенін сөз етті. Жұмыс берушілерден жұмысшының вакцина паспорты немесе птр тесті, медициналық көрсетілім жайында анықтамасы болуы талап етіледі. Ол болмаған жағдайда айыппұл салынады.

БЕРІК ДҮЙСЕНБИНОВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Сіздердің мониторингтік топтың тексерістерінің соңы жемқорлыққа әкеп соғып отыр. Сөз бен істеріңіз қиыспай жатыр. Тағы да бизнесті тексеруді күшейтіп жатырсыздар».

АЛЕКСЕЙ ЦОЙ -ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ
«Біздің мақсатымыз -бизнесті қинау емес. Бизнес белгілі бір талаптарды орындауы тиіс. Егер ұжымдық қаупісіздікті сақату талаптарын сақтамаса, онда жазаланады .»

Сондай-ақ, депутаттар коронавируспен инфекциялық аураханаға түскендер бойынша ашық ақпарат жоғын, аураханада жатып басқа инфекция жұқтырып алып, көз жұмып жатқандар туралы мәлімет айтылмайды деп сынады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.