Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЖАЛДАМАЛЫ ПӘТЕРЛЕР ЖЕКЕШЕЛЕНДІРІЛЕ МЕ?

c 11:32, 02/03/2023 c 138

0:00 / 0:00

Мемлекеттен жалға берілген баспананы жекешелендіру мәселесіне қатысты ұсыныс әлі шешімін таппады. Бұрынғы индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев бұған дейін жалға берілген үйлер жекешелендіріледі деп айтқан еді. Қазіргі министр бұл мәселені қалай шешпек? Марат Қарабаевтың өзінен сұрағанымызда, ол мүмкіндігі шектеулі жандар мен жетім балалар тарапынан жалға алған үйлерін жекешелендіру туралы ұсыныс түскенін айтты. Егер Парламентке түскен тиісті заңды қарайтын депутаттар, мемлекет берген арендалық үйлерді жекешелендіруді қолдаса, бұл мәселе шешімін табар еді.

Баспана қазіргі уақытта ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Оны шешудің әр түрлі жолдары бар. Сатып ал, банктертен ипотека алып үйлі бол, қызметтік тұрғын үй ал, соңыра сатып алумен жалға алынған пәтерді алу, мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана алу немесе әкімдіктен азаматтардың жекелеген топтары үшін баспана беріледі. Алайда, біз тізіп шыққан мүмкіндіктерді қазақстандықтардың бәрі бірдей пайдалана алмайды. Үй сатып алатын жинағы жоқ. Ипотека алайын десе үстемақысы шарықтаған, оған жалақысы жетпейді. Мемлекеттік бағдарламамен беріліп жатқан жеңілдетілген ипотеканың өзі тауыққа жем шашқандай. Бұрынғы индустрия министрі Қайырбек Өскенбаев бұған дейін жалға берілген үйлер жекешелендіріледі деп айтқан еді. Қазіргі министр бұл мәселені қалай шешпек?

Дегенмен, министр арендалық баспананы сатып алу тетігін қайтару керек деген пікір білдірді. Себебі, бұл мәселені мүгедектігі бар жандар мен балалар үйінде тәрбиеленген азаматтар көтеріп жүрген көрінеді. Оның мәліметінше, бүгінге дейін салынып, республика бойынша жалға берілген 36 мың үй бар. Биыл тағы әкімдік тарапынан 10 мың үйді сатып алуға қаржы бөлген.

Ал мемлекеттен берілетін арендалық баспана тек 1 және 2 топтағы мүгедектерге, мүмкіндігі шектеулі балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасыларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға және көпбалалы отбасыларға беріледі. Сондай-ақ кей әкімдіктер жастарға да арендалық баспана беріп жатыр.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.