Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖАЙЛЫ БОЛА МА?

c 10:56, 22/04/2023 c 167

0:00 / 0:00

Ауылдарда салынатын «жайлы мектеп» жайлы бола ма? Депутаттарды мазалаған сұрақ осы болды. Оқу-ағарту министрлігі мен «Самқрық-Қазына» қорының басшылары «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы туралы «Amanat» партиясы фракциясының депутаттарына есеп берді. Ұлттық жоба аясында апатты мектептер, үшауысымды оқытуды жою және орын тапшылығын азайту көзделіп отыр. Бас-аяғы 401 жайлы мектеп салынбақ. Оның ішінде 226 мектеп 2024 жылы іске қосылады. Қалған 175-і 2025 жылдың аяғына дейін іске қосылады деп жоспарланған. Депутаттардың айтуынша, 21 ғасырда Ыбырай заманындағыдай жер үйде білім беріп жатқан, саман кірпіштен салынған мектептер бар.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, соңғы 10 жылда оқушы саны млн-ға өсіп, бүгінгі күні 3,7 млн-ға жетіп отыр. Қазіргі күннің өзінде 270 мың оқушы орны тапшы. Егер қосымша мектеп салынбаса, 2026 жылға қарай бұл көрсеткіш миллионнан асады. Министрлік Самұрық-қазына қоры және Атамекен кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын қолға алып жатыр. Жоба аясында алдағы екі жылда еліміздің қалалары мен ауылдарында 401 «жайлы мектеп» салынады. Осылайша үш аусымды, апатты мектептер мәселесін шешіп, орын тапшлығын жоямыз деген жоспар бар. «Samruk-Kazyna Construction» мекемесі жайлы мектептердің құрылысан жауапты оператор болып бекітілген. Қор өкілі жайлы мектептер құрылысы қолға алынғанда 100 мың жаңа жұмыс орны ашылады деп отыр. Депутаттар ауыл-аймақтарда мектеп салынғанда, сол жердің азаматтарын жұмысқа алу қажет деген талабын алға тартты.

Жайлы мектептер жиһаздармен толық қамтамасыз етілетін болады. Әр оқушы үшін жеке шкафтар, трансформер парталар қойылады. Спорт, ән-би үйірмелеріне арналған залдар болады. Мектеп іші эстетикалық тартымды болуы үшін ұлттық нақышта безендіріледі. Әрбір мектеп заманауи пән кабинеттерімен, интерактивті құрылғылармен жабдықталады. Оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту үшін әмбебап шеберханалар болады. Сондай-ақ, мұғалімдер бөлмесі, демалыс аймақтары қарастырылады. Жоба ұсынушылар ауылдарда салынатын жайлы мектептердің дәретханасы ішінде болады деп сенідерді. Алайда, мәжіліс депутаттары инфрақұрылымы дамымаған ауылдарда бұл мәселенің жүзеге асатынына сенімсіздік танытты.

Депутаттардың айтуынша, сонау Ыбырай заманындағыдай жер үйде білім беріп жатқан, саман кірпіштен салынған мектептер бар.

«Жайлы мектеп» жобасын іске асыру үшін 2023-2025 жылдар аралығында республикалық бюджет пен Ұлттық қордан 2,6 трлн теңге көзделген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.