0:00 / 0:00
Бүгін Сенатта зейнетақы активтерін басқаруға рейтингі жоғары шетелдік еншілес ұйымдарды тарту ұсынысы талқыланды. Бұл ретте шетелдік компанияларға қатысты бірқатар талаптар қойылмақ. Басқарушы компанияларды іріктеу кезінде олардың инвестициялық әрі кредиттік рейтингілері басты назарда болатынын айтып сендіреді осы жаңашылдық ұсынып отырған ұлттық банк және қаржы нарығын реттеу агенттігінің өкілдері.
Енді зейнетақы қорындағы жиған -тергеніңізді шетелдік компаниялар басқаруы мүмкін. Сенат депутаттары зейнетақы активтерін басқаруға рейтингі жоғары шетелдік еншілес ұйымдарды тарту ұсынысын талқылады. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиеваның айтуныша, зейнетақы активтері тұрғысында табыстылықты қамтамасыз ету үшін жеке басқарушы компанияларға қойылатын талаптарды жақсарту бойынша шара қабылдау керек. Бұдан бөлек, жекеменшік басқарушы компанияларды зейнетақы активтерін басқаруға жіберу критерийлерін кеңейту қажет. Оның ішінде зейнетақы активтерін басқаруға кредиттік рейтингі жоғары шетелдік еншілес ұйымдарды тарту қажет болып отыр. Ал ұлттық банк өкілінің мәліметінше, 2022 жылы БЖЗҚ зейнетақы активі 1,6 трлн теңгеге немесе 12%-ға өскені, сөйтіп 2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 14,6 трлн теңгені құраған. Мамандар зейнетақы актвитерін басқаруға шетелдік компанияларды тартсақ, оның табыс көлемі өседі деп сендіреді. Яғни инвестициялық стратегиясының тиімділігі артады дейді.
ӘЛИЯ МОЛДАБЕКОВА – ҚР ҰЛТТЫҚ БАНК ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Зейнетақы жинағының 50 пайызына дейінгісін жеке басқарушы команияға беруге, зейнетақы жинағының шекті бөлігін баспана алуға немесе денсаулығын жақсартуға қолдануға мүмкіндік туады. Ең маңыздысы- бұл жинақтың басқарушы компанияларға берілген бөлігінің сақталуын қамтамасыз етеді »
Қазіргі кезде қазақстандық басқарушы компанияларда инвестициялық портфельді басқаруға лицензиясы болуы керек. Сонымен қатар, олар капитал бойынша қосымша талаптарды орындап, өз қызметтерінде заң бұзуға жол бермеуі тиіс. Бұл тұрғыда олардың қазақстандық резидент ретінде ірі акционері болуы керек. Құзырлы орган өкілдерінің айтуынша, Зейнетақы активтерінің қомақты көлемін басқаратын, сондай-ақ Ұлттық қордың активтерін басқаратын белгілі шетелдік басқарушылар бар. Қазіргі кезде олар өздерін тиімді басқарушы ретінде танытып отыр. Сондықтан Қазақстан аумағында активтер бойынша шетелдік басқарушылардың мүмкіндігін кеңейту қажет.