Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ЯССАУИ КЕСЕНЕСІНЕ КҮЗЕТ ҚОЙЫЛАДЫ

c 00:21, 30/11/2023 c 78

0:00 / 0:00

5 жыл бұрын өз алдына облыс болып қалыптасқан Түркістан өңірі туристер үшін тартымды аймақ. Әкімнің баяндамасына сенсек, тарихи-танымдық туризм бағытында Түркістанға келушілер саны артқан. Өңірге біркүндік келушілер саны 868 мың адамды құраған. Дархан Сатыбалды экологиялық туризм бағытында да туристер саны екі есеге көбейді деп отыр. Қонақ үйлер салынып, туристер үшін тартымды орталықтар бой көтеріп жатыр. Алайда, қалада жаңа ғимараттар бой көтер бастаған сайын, көне мәдени-тарихи орталықтар көрінбей қалып жатыр деген пікір айтады тұрғындар. Ал Түркістандағы теңдессіз сәулет туындысы блып табылатын Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің бүгінгі жай-күйі көңіл қоншытпайды.Бұған дейін парламент депутаттары да мәселе көтеріп, кесене қабырғаларының ылғал тартып, күмбездің беткі қабаты қопсып, тұзы шығып жат¬қанын айтқанды. Себебі мавзо¬лейдің алдында көгалдандыру, жасанды абаттандыру жұмыстары жүруінің сал¬дарынан ғимараттың ішіндегі ылғал¬дылықтың шектен тыс артуынан күмбездің бетіне қара дақтар пайда болғанын жет¬кізді. Депутаттар «ғалымдардың кесененің әу бастағы жобасын ғылыми тұрғыда зерт¬теп алмай, жыл сайын реставрация жүргізу – қыруар ақшаны далаға шаш¬қанмен бірдей» деп үкіметке сауал жолдағанды. Осы сауалдан соң үкімет кесенені қайта жөндеу жұмыстарын ғылыми тұрғыда зерттеп алуға 317 млн теңге бөлді. Әкімнің айтуынша, бұл жұмыс бір жылсыз бітпейді.

Еске сала кетейік, жыл басында кесенені жарып жібермекші болды деген ақпарат тарағанды. Журналистер әкімнен Яссауи кесенесіне қауіп төніп тұр ма деп сұрады. Дархан Сатыбалдының айтуынша, тәжікстан азаматы тарапынан осындай келеңсіз әрекет жасалған. Әкім осы жағдайдан кейін көне кесенені күзету мәселесі қолға алынып жатқанын айтады.

Өздеріңізге мәлім, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі 2003 жылдан бері ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізілген бірегей сәулет ескерткіші болып табылады. Бұл жерге жылдың 365 күнінде де үздіксіз туристер ағыны толастамайды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.