Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ХОСТЕЛДЕГІ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒАҒА МИНИСТР ЖАУАПТЫ МА?

c 15:53, 06/12/2023 c 70

0:00 / 0:00

Қарашаның 30 күні Алматы қаласындағы хостелде орын алған тілсіз жау 13 адамның өмірін қиған еді. Барлығы дерлік жастар. Олардың ішінде 5 студент болды. Екеуі жоғары оқу орнында, үшеуі колледжде оқыған. Министр Саясат Нұрбектің айтуынша, студенттердің бірі – Каспий қоғамдық университетінің, екіншісі Еуразия технологиялық университетінің студенті еді. Қайғылы оқиғаға қатысты тергеу ісі аяқталған соң, аталған екі жоғарғы оқу орнының мәселесі қаралып, лицензиясы тартып алынуы мүмкін. Себебі бұл оқу орындары аталған хостелмен келісімшарт жасаспаған. Алайда, Алматыдағы қайғылы жағдай орын алған сәтте оқиға орнына Саясат Нұрбек бармаған еді. Министр сол кезде шетелде іссапарда жүрдім деп ақталды.Бірақ қоластындағыларын жіберген. Ал студенттердің өлімі тіркеліп отырған бұл қайғылы оқиғаға министр жауапты ма?

САЯСАТ НҰРБЕК – ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ «Министр ретінде, үкімет мүшесі ретінде біздің салада орын алған жағдайға жауаптымын. Онымен қоса жоғары оқу орындарымен келісім шарт жасасқан 85 хостелде мұндай жағдай орын алған жоқ. Жекеменшік сектордағы өрт қауіпсіздігі, архитектуралық талаптар сақталмағаны үшін жауап бере алмаймын. Бірақ барлық студенттер үшін жауаптымын»

Өздеріңізге мәлім, Саясат Нұрбек осы салаға министр болып келген бетте жатақхана тапшылығын хостелдер есебінен шешуге кіріскенді. Ол жатақханада орын жетпеген студенттерді хостелдерге орналастырамыз деп жариялағанды.

Бүгінде ЖОО 85 хостелмен келісімшартқа отырған. Министр Алматыдағы орын алған қайғылы оқиғадан жекеменшік хостелдерді тескеруге мораторий кедергі болып отырғанын айтты. Заңда белгіленген талаптар бар. Сондықтан үкіметтік комиссия шеңберінде қандай да бір шешімдер қабылданады деп отыр. Ал елімізде жатақхана тапшылығын шешу үшін жылда 10 мың төсек-орынмен қамту көзделген. 1,5 жылда 80 жуық жатақхана инвесторлар есебінен салынды деп отыр ғылым министрі. Студенттерді жатақханамен қамту үшін әлі де 17,5 мың төсек-орын керек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.