Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ХАЛЫҚТА СЕНІМ ЖОҚ»

c 09:02, 10/12/2021 c 1483

0:00 / 0:00

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жинағының шекті көлемнен артығын алу мүмкіндігі шектеліп жатыр. Өздеріңізге мәлім Зейнетақы жинағын алу шегі екі есеге артты. 2022 жылдан бастап, зейнетақы қорында қалуы тиіс қаржының жеткілікті шегі өзгеріп отыр. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры хабарламасы шыққан бетте, қоғам бұл шешімге өз қарсылығын білдіруде . Мысалы, 30 жастағылардың шотында қалуы тиіс соманың жеткілікті шегі 2 млн 500 мың теңге болса, жаңа жылдан бастап ол 4 млн 370 мың болады. Яғни қордағы жинақты алу шегі 2 миллионға шарықтап шыға келді. Сенаторлар бүгін Үкіметке сауал жолдап, жылдық инфляция деңгейінен аспайтын шекті ұлғайту мүмкіндігін қарастырып, ең төменгі жеткілікті шекті өзгертуді сұрады.

Бір аптадан бері қазақстандықтар зейнетақы қорындағы жинағының шекті көлемінің екі сеге шарықтап шыға келгеніне наразылығын білдіруде. Әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатқан бұл мәселені Парламент депутаттары қолдап отыр. Бұл баспана жағдайын жақсартамын, денсаулығымды түзеймін деп отырған көптеген қазақстандықтың мүмкіндігін жойып отыр дейді сарапшылар. Себебі, қорда қалуы тиіс сома екі есеге артып кетті. Яғни 2 млн теңгеден асып жығылады. Мысалы, 30 жастағылардың шотында қалуы тиіс соманың жеткілікті шегі 2 млн 500 мың теңге болса, жаңа жылдан бастап ол 4 млн 370 мың болады. Одан әрі жасына қарай шекті көлем арта береді. Сенатор Нұрлан Қылышбаев бастаған депутаттар үкімет басшысына сауал жолдап, ең төменгі жеткіліктік шекті есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізуді сұрады. Зейнетақы қоры енгізіп отырған өзгеріс жаңа жылдан бастап күшіне енсе, жинағының бір бөлігін пайдаланатындар саны күрт төмендейді. Сенатордың айтуынша, бұл халықтың зейнетақы қорына деген сенімін жоғалтады.

НҰРЛАН ҚЫЛЫШБАЕВ – ҚР ПАРЛАМЕНТ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ «Бүгінде бұл жеткілікті шектегі жасы келген қатысушылар үшін 63%-дан ең жас қатысушылар үшін 82%-ға дейін өсіп отыр. Қалыптасқан жағдай осы бағдарламаға деген сенімді жоғалтады. Асқар Ұзақбайұлы,осыған байланысты жылдық инфляция деңгейінен аспайтын шекті ұлғайту мүмкіндігін қарастырып, ең төменгі жеткіліктік шекті есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізуіңізді сұраймыз».

Депутаттар зейнетақы қорының бұл әрекеті, Президенттің бастамасына кедергі жасаумен тең дейді. Халыққалаулылары үшін де бұл күтпеген жаңалық болды.

Өз кезегінде Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры 2022 жылдан бастап әлеуметтік көрсеткіштер мөлшері ұлғайтылды. Ең төменгі жалақы көлемі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін өсті. Сол себепті алдағы жылдан бастап ең төменгі жиынтық көлемінің мөлшері де көбейтілді деп отыр. Үкіметтің жауабына келсек.

ӘЛИХАН СМАЙЫЛОВ – ҚР ҮКІМЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «Бұл жердегі жағдайда ешкім шешім қабылдаған жоқ. Бұл ең төменгі шекті көлемін есептеу методикасы. 2021 жылдың басында төменгі шекті көлемі ең төменгі жалақымен байланынстырылған болатын. Өздеріңіз білесіздер, төменгі жалақы өсті. Бұл дұрыс, нәтижесінде шекті көлем де артып отыр. Ең төменгі жалақы көлемі 41 пайызға көбейді. Соның есебінен қордағы шекті көлем де өсті ».

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.