Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ВЬЕТНАМДАҒЫ КЕЛІССӨЗ

c 03:47, 22/08/2023 c 75

0:00 / 0:00

Қазақ басшысының Вьетнамдағы мемлекеттік сапарында бірқатар келісім-шарттарға қол қойылды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Президенті Во Ван Тхыонгпен келіссөз жүргізді деп хабарлайды Ақорда. Аграрлық, социалистік ел болып табылатын Вьетнам басшысымен қазақ басшысы сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев президент статусында Вьетнам еліне алғашқы рет мемлекеттік сапармен барды. Ақорданың хабарлауынша Вьетнам жағы құрметті қонағын жоғары дәрежеде қарсы алды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Вьетнам Президенті Во Ван Тхыонг келіссөз жүргізді. Екі ел басшылары сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық, көлік-логистикалық, агроөнеркәсіптік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты дамыту жолдарын талқылады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша қазақ-вьетнам сауда-саттығыф жарты миллиард доллардан асқан. Биылғы алты айдың өзінде 600 миллион долларды құрады. Жыл соңына дейін бұл көрсеткішті 1 миллиард долларға дейін жеткізу жоспарланып отыр деді Қазақстан Президенті.

Тараптар келіссөздер нәтижесінде екіжақты қарым-қатынасты дамытудың жаңа кезеңіне жол ашамыз деген пікірге келді. Өз кезегінде Вьетнам басшысы екі ел арасындағы ынтымақтастықты жандандыру ісін жоғары бағалап, Қазақстан мен Вьетнамның серіктестігін одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты. Сондай-ақ, ол Вьетнам ұлт-азаттық күресі мен мемлекеттің бірігуіне және қазіргі дамуына қазақ халқының көрсеткен жәрдемін ешқашан ұмытпаймын деді.

Тоқаев әріптесін Қазақстанға мемлекеттік сапармен келуге шақырды.
Вьетнамға ресми сапары аясында екі ел үкіметтері арасындағы оннан астам келісімге қол қойылды. Сауда-экономикалық ынтымақтастықты жедел дамыту жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдар жоспары, визасыз режимді енгізу, спорт пен турзимді дамыту, инвестиция тарту, авиция, мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру, көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту саларындағы бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Бүгінде
Қазақстаннан Вьетнамға кетіп жатқан экспорт көлемі 4,7 есеге артып, 24,6 млн. АҚШ долларынан 117,7 миллионға дейін өсті. Ал импорт көлемі 3,3 есеге өсіп, 494,2 миллион долларға дейін өсті. Осы жылы Қазақстаннан Вьетнамға экспорттың негізгі көлемі мырышқа тиесілі болды - жеткізу көлемі 83,4 млн. АҚШ долларын немесе жалпы отандық экспорттың 71,5%-ін құрады. Сондай-ақ бұл елге тазартылған қорғасын жіберіп отырмыз. Оған барлық экспорттың 27,7%-і тиесілі. Ал Вьетнамнан біздің елге смартфондар жеткізу көлемі артып, жалпы импортпен келетін смартфондардың 51,4 пайызын құрап отыр. Түрлі – түсті бейне мониторлар, тұрмыстық техникалар, дәрі-дәрмек, медициналық жабдықтар жеткізіледі.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.