Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ВЕЙП САТУҒА ТИЫМ

c 14:42, 15/03 c 68

0:00 / 0:00

Мәжілістен келіп түскен денсаулық сақтау мәселелеріне арналған заң жобасы бүгін сенаттың жалпы отырысында қаралды. Құжатта елде кеңінен таралған вейпке тиым салу нормасы қарастырылған. Мамандар құрамында канцерогендер бар бу организм үшін өте қауіпті екенін қанша айтып жатса да құлақ асып жатқан жан жоқ. Улы заттардың әсері астма, пневмония, жүрек-қан тамырлары ауруларының өршуіне әкеледі. Вейптің кәдімгі темекі шегуден айырмашылығы, электронды буландырғыштарды шегу кезінде адам түтінмен емес, бумен дем алады. Будың құрамындағы заттардың бір бөлігі өкпеге, ал қалғаны қоршаған ортаға енеді. Мұның кесірінен тыныс алу жолдарының жұмысы қиындай түседі. Сонымен қатар ағза тез қартаяды.

Сенат депутаттары заңның жекелеген баптарын жаңа редакцияда ұсынып, Мәжіліске қайтарды.Заң жобасында жастар арасында жиі қолданылатын вейптерді әкелуге, өндіруге, сатуға және таратуға тыйым салу қарастырылған. Тіпті, вейптің заңсыз айналымы үшін қылмыстық жауапкершілік енгізіліп отыр. Оны сатқандар 50 тәулікке дейін қамауға алынады, ал ел аумағына әкеліп, таратқаны үшін 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру,
егер бұл заңсыз әрекет қылмыстық топпен жасалса және бiрнеше рет жасалған әрекеттер орын алса 5 жылға дейiн соттау көзделген. Депутаттардың айтуынша, апта сайын Астана мен алматылық жастардың шамамен 80 пайызы вейп сатып алады. Қаржы министрлігінің дерегінше, 2020 жылдан бері оның сатылуы 300 есеге өскен.Сондай-ақ, заң жобасында медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу қарастырылған. Олардың мәртебесін арттырып, әлеуметтік кепілдік беру көзделген.Бұған дейін жедел-жәрдем қызметкерлерінің мәртебесін құқық қорғау органдарымен теңестіру керек деген бастама көтергенді. Алайда, ұсыныс бұл заңға енбей қалды дейді вице-министр.

Сондай-ақ заң жобасындағы жаңашылдық- «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері», «Өз кәсібінің үздiгі» құрметті атақтарын беру көзделіп отыр. Ал ауылға барып қызмет еткен дәрігерлерге бір реттік төлем ертінде 8,5 миллион теңге берілмек.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.