0:00 / 0:00
Үкіметтің жаңа жылдағы алғашқы отырысы елдегі эпиджағдайға арналды. Еліміздің бас дәрігерінің баяндамасы көңілден шықпайды. БҰҰ-ң мәліметінше Қазақстан қызылшаны жұқтырған науқастар саны бойынша бірінші орында тұрғанын білесіздер. Бүгінгі күні осы дертпен ауырғандар саны 30 мыңан асып жығылады. 80 пайызы 14 жасқа дейінгі балалар. Сырқаттың 84 пайызы вакцина алмаған балалар есебінен болды. Министр Ажар Ғинияттың айтуынша, кейінгі 15 жыл ішінде республикада 3 рет қызылша ауруы көп тіркелген. Бұл - 2005, 2015 және 2019 жылдар. Бұл жұқпалы аурудың жеңудің бір жолы-екпе жасату. Өкінішке орай ата-аналар тарапынан вакцинацияға қарсылық білдірушілер бар дейді премьер-министр.
Дәрігерлер қазір қызылшаға қарсы екпе алуға үгіттеу жұмысын жүргізіп жатыр. Дегенмен, оның толық нәтиже бермей отырғанына куәміз. Министрлік елдегі эпиджағдай ушығып тұрғанда мұндай жұқпалы ауруларға қарсы екпені ерікті түрде емес, міндетті түрде жасау әдісіне орала ма? Яғни вакцинанцияны міндеттеу бола ма? Себебі Ажар Ғиният өз сөзінде вакцинамен басқарылатын инфекциялар және сырқаттанушылықтың өсуі ата-аналарға балаларды вакцинациялаудан бас тартуға мүмкіндік беретін 2015 жылы енгізілген заң нормаларымен тікелей байланысты деді. Осының негізінде 5-7 жылда халықтың арасында иммунитеті жоқ адамдардың қатары өсті. Мәліметтер бойынша бүгінде 6 жасқа дейінгі 800 мыңға жуық бала дефтерия, полимелит, туберкулез және тағы басқа қауіпті инфекцияға қарсы егілмеген және қорғалмаған.
Үкіметтің резервінен қаражат бөлініп, қызылшаға қарсы вакцинаның 1,5 миллион дозасы сатып алынды. Қарашадан бастап инфекцияларға қарсы қосымша вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Ал үндістандық вакцинаны қолданып келе жатқанымызға 10 жыл болды. Кейбір сарапшылар үнді елінің екпесінің сапасы төмен деген пікір айтуда.
Бүгінгі таңда қосымша вакцинациялау шеңберінде 930 мыңнан аса адам егілді, барлық жоспардан 62 пайызы қамтылды, күн сайын 20 мыңнан аса адам егіліп жатыр дейді министр.