Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰЯЛЫ БАЙЛАНЫС ҚЫЗМЕТІ ДЕ ҚЫМБАТТАДЫ

c 23:25, 05/04 c 128

0:00 / 0:00

Ұялы телефон адамзаттың күнделікті қолданатын ең қажетті құралына айналды. Қазір бұл байланыс құралдарынсыз өмірімізді елестету мүмкін емес. Алайда ұялы байланыс қызметінің тарифі күннен күнге шарықтап барады. Халықтың қалтасын қағып, тынысын тарылтып жатқан тарифтер жыл санап емес, ай санап өсуде дейді депутат Бейсенбаев. Мәжілісмен ұсынған Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, ұялы байланыс қызметтерінің тарифтік жоспарлары 2023 жылы 57%-ке дейін өскен. Ал 2021-2022 жылдары тарифтердің өсуі орташа алғанда 13-тен 37 %-ке дейін болған.

Депутаттың айтуынша, Актив, кселл операторлары тарифке 1 мың теңге, ал арнайы әлеуметтік желілердегі интернетті лимитсіз қолдану үшін тағы 990 теңге үстінен қосып отыр. Сонда бар-жоғы 3390 теңгелік тариф 5380 теңгеге дейін, яғни 59 процентке қымбаттады.Өкінішке орай еліміздің байланыс туралы заңы тариф бағасын қатаң бақылай алмайды. Операторлар байланыс қызметінің тарифтерін негіздей отырып, өздері қояды. Осылайша, заңмен олардың тарифті негізделген шығындар бойынша өздері қалыптастыруына жағдай жасалған. Бір қызығы ұялы байланыс операторлар Бәсекелестікті қорғау агенттігін хабардар етуге де міндетті емес. Тарифтің өсетіні туралы бір ай бұрын хабардар етсе болғаны. Ал аталған агенттік бағаның өсуі күдік тудырған ажғдайда ғана тесірс жүргізіп, айыппұл сала алады. Айыппұлдың көлемі монополистік қызмет нәтижесінде алынған кірістің бар –жоғы 5 пайызды ғана құрайды дейді депутат. Бағаның шарықтап отырғаны аздай, сапасы сын көтермейді. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусин айтқандай елдегі интернет сапасы Токиодан аспақ түгілі, жете алмай қалған.

Осылайша «қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса» дегендей, операторлар өзі қалаған бағаны қойып жатыр дейді депутат. Өз кезегінде мәжілісмен үкіметтен ұялы байланыс нарығын монополиядан арылтуды, ұялы байланыс пен интернет сапасын арттыруды, елді толық сапалы интернетпен қамтамасыз етуді сұрады. Сондай-ақ, тұтынушы құқығын қорғау үшін заңнама талабын күшейтуді талап етті.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.