0:00 / 0:00
Қазақстан Үкіметі техниканы кәдеге жарату алымын алып тастауға дайын емес. Үкімет басшысының орынбасары Роман Склярдың айтуынша, Қазақстан бірыңғай экономикалық кеңістікте тұрғандықтан утилизациялық алымнан бас тарта алмайды. Себебі осы аймақтағы көрші Ресей мен Белоруссия елдерінде утильалым бар. Еске сала кетейік, күні кеше қоғам белсенділері мен шаруалар Роман Склярды көрші елдердің мүддесін қорғап отыр деп айыптаған болатын. Шаруалар агротехникаға қатысты утильалымды алып тастауды талап еткен еді. Болмаған жағдайда үкіметтің осыған қатысты қаулысын сотқа беретіндерін айтты.
Қаңтар трагедиясынан соң біраз былықтың беті ашылып, мемлекет басшысы техниканы кәдеге жаратудан жиналған миллиардтардың жекенің қалтасына кеткенін айтып, осымен айналысатын компанияны мемлекет меншігіне өткізгенді. Аты-шулы утильалым тым көп деген соң ауыл ашруашылық техникасына салынатын алым 50 пайызға төмендеді. Алайда, үкіметтің бұл жеңілдігі шаруалардың жұмысын жеңілдетіп жатқан жоқ. 850 мың теңгенің өзі қалтаны қағып, ауыл шаруашылық өнімдерінің қымбаттауына себеп болуда дейді фермерлер. Осыған орай олар үкіметтен утильалымды алып тастауды талап етті. Тіпті сотқа жүгінеміз деп отыр. Алайда, біздің үкімет техниканы кәдеге жарату алымын алып тастауға дайын емес. Еске сала кетейік, күні кеше сарапшылар мен шаруалар Роман Склярды көрші елдердің мүддесін қорғап отыр деп айыптаған болатын.
РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР - МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Ұмытпаңыздар, біз бірыңғай экономикалық кеңістіктеміз. Көршілерімізде утильалым бар. Бізде өндірушілерімізді қорғайтын басқа механизм жоқ. Бұл туралы ақпарат ашық тұр. Популистерге сенбеңіздер. Машинақұрылыс саласы бойынша нақты шара қолдану керек деп айтылған сөздің барлығы популизм екенін білдіргім келеді. Қазақстан машина жасап шығара алмайды деген пікірмен мүлде келісе алмаймын»
Премьер-министрдің орынбасары өзін айыптағандарға осылай деп жауап берді. Жалпы, утилизациялық алымнан түсетін қаржыдан, шамамен 12 миллиард теңге қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға және өңдеуге жұмсалады. Экология министрінің айтуынша, биыл утилизациялық төлемдердің есебінен 690-700 миллиард теңге жиналады деген болжам бар.
Индустрия министрі болса утильалымды алып тастау туралы ұсыныспен шығуға дайын емес.
Ал ауыл шаруашылық министрі Қарашөкеев ескі техниканы кәдеге жарату алымының көлемін төмендету туралы ұсыныспен шықпақшы. Кешегі баспасөз маслихатында фермерлер ауыл шаруашылық министрін утильалымға қатысты жан-айқайымызға құлас аспай отыр деп сынаған болатын.
Айта кетейік, үкімет ескі көліктерді қыруар қаржы төлетіп, фремерлердің қалтасын қағып, утилизация жасап жатса, еліміздің металл өңдеушілері бұл жұмысты тегін атқаруға дайын екендерін айтуда.