0:00 / 0:00
Қазақстанда утильалым мөлшері 50 пайызға төмендетіліп отыр. Бұл жайында Үкімет басшысының бірінші орынбасары Роман Скляр мәлімдеді. Сондай-ақ, ол қазақстандықтар асыға күткен жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге бөлініп отырғанын да айтты.
Еске сала кетейік қасіретті қаңтар оқиларарынна соң, Президент үкіметке утильалымға қатысты дауға нүкте қоюды тапсырғанды. Ал бес жылы бойы осы алымды жинап келген «Оператор РОП» компаниясынан құзырет тартып алынып, «Жасыл Даму» АҚ берілді. Қазақстанда халықаралық жүк тасымалына 7,5 мың тіркемелі көліктер жұмыс істейді. Ресейдің халықаралық тасымалында 34 мың, Беларусь елінде 15 мың, Өзбекстанда 8 мың көлік қатысуда. Отандық кәсіпорындар нарықта өз орнын таба алмай, шектелуде. Бұл орайда көошілес елдерден қалыс қалып жатырмыз деген еді мемлекет басшысы. 2017 жылдан бері отандық тасымалдаушылардың халықаралық тасымал нарығындағы үлесі 1,5 есеге қысқарған. Енді көпшілік күткен утильалымның мөлшері де белгілі болды. Автокөлік және ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетіледі.Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Склярдың мәлімдеуінше, елге шетелдік ескі көліктерді кіргізу үшін утильалымды мүлдем алып тастау мәселесі де көтерілді. Отандық машина жасау саласына нұқсан келтіруге тырысқандар да болды.
РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Автоөнеркәсіпті ынталандыру деңгейі жалпы бізге көліктің барлық түріне және құрастырылатын ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы 50 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік береді»
Утилизациялық алым айлық есептік көрсеткішпен есептеледі. 2022 жылда бір АЕК 3 063 теңге болып белгіленді. Бұл орайда утилизациялық алым қозғалтқыштың көлеміне қарай төленеді. Сондай-ақ, Скляр отандық автокөлікті сатып алу үшін жеңілдетілген автонесиеге 100 млрд теңге бөлінентінін мәлімдеді. Айта кетейік бұл сома «Оператор РОП» компаниясының шотынан «Жасыл Даму» АҚ-на аударылған 220 миллиард теңгеден алынбақ. Оның 30 млрд теңгесі қоғамдық көлік сатып алуға беріледі.
РОМАН СКЛЯР – ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ «Жүз миллиард теңге отнадық автокқлікті сатып алу үшін жеңілдетілген автнонесиеге беріледі. Кредит бастапқы жарнасыз, жылдық мөлшерлемесі 4 пайызбен 7 жылға берілетін болады. Ал қазіргі жеңілдетілген бағдарламада бастапқы жарна 20 пайыз, несие 4 пайызбен беріледі ғой»
Жеңілдетілген несие 71 мың қазақстандыққа беріліп, жаңа көлікті қолжетімді бағамен алатын болады. Алайда, бұл несие нақты қашан беріліп бастайтыны белгісіз.