0:00 / 0:00
Шаруалар ауыл шаруашылық техникасына қатысты кәдеге жарату алымын алып тастауды талап етті. Бүгін елордада журналистер алдына шыққан белсенді топ осындай талаптарын алға тартты. Қоғам белсенділері мен кәсіпкерлердің пікірінше, үкіметтің техникаға қатысты утильалымды елу пайызға төмендетуі мәселені шешпейді. Аграрлықтардан жинайтын бұл алым мемлекетке емес, жекелеген лоббистердің қалтасына кетіп жатыр дейді олар. Қазақстанда кәдеге жарату алымы ашық болуы тиіс және Ресей мен Белоруссияның мүддесін қорғау үшін жасалмауы керек дейді. Белсенді топ Үкіметке утильалымды алып тастауға бір ай уақыт беріп отыр. Болмаған жағдайда осыған қатысты Үкіметтің қаулысын сотқа бермекші.
Баспасөз маслихатына жиналғандар ауыл шаруашылық техникасын кәдеге жарату алымын елу пайзыға өзгерту мәселені шешпейді деп отыр. Аграрлықтардан жинайтын бұл алым мемлекетке емес, жекелеген лоббистердің қалтасына кетіп жатыр дейді олар. Еске сала кетейік, қаңтар оқиғасынан кейін жекеменшікте болған «Оператор РОП» компаниясы мемлекеттің қолына өткенді. Кәдеге жарату алымдары бойынша соңғы бес жылда жиналған 691 млрд теңгенің тек үшінші бөлігі ғана мемлекетке қайтарылды. Ал қалғаны қайда, кімнің қалтасында кеткені белгісіз дейді «Намыс» партиясының басшысы Санжар Боқаев. Бұл дегенміміз 2 мрд доллар. Ал мұндай қаражатқа бірнеше автокөлік зауытын салуға болатын еді дейді ол. Осыған орай қоғам белсенділері мен кәсіпкерлер үкіметтен ауыл шаруашылық техникасына қатысты кәдеге жарату алымын мүлдем алып тастауды талап етіп отыр. Үкіметтегілер шаруалардың бұл талабына құлақ аспай келеді екен. Олардың пікірінше, премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастаған шенеуніктер утильаым жинауда лобби жасап отыр.
Бұған дейін ауыл шаруашылық техникасына қатысты 1,5 млн теңге утильалым төленсе, қазір үкімет оны елу пайызға түсіріп, шаруалар кәдеге жаратуға 850 мың теңге төлейді. Алайда, әлемде бірде-бір елде техникаға утильалым алу жоқ дейді олар. Тіпті көрші Өзбекстанның өзі қазіргі геосасяи жағдайға қатысты елді астықпен, тамақпен қамту үшін утильалымды алып тастаған. Ал еліміздегі өнеркәсіптер одағы техниканы тегін кәдеге жаратуға дайын, алайда үкімет аграрлықтардан ақша жинауға басымдық беріп отыр дейді шаруалар.
Енді белсенді топ утильалым мәселесіне қатысты қызығушылық танытып отырған шенеуніктерге бір ай уақыт берді. Егер ауыл шаруашалық техникасын кәдеге жарату алымын алып тастамаса, олар үкіметтің осыған қатысты қаулысын сотқа бермекші.