Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰШҚЫШТАРДЫҢ ШАҒЫМЫ

c 09:41, 06/04/2023 c 126

0:00 / 0:00

Ұшқыштардың бір жыл ішіндегі табысы 20 млн теңгеден асып түседі. Меніңше, азаматтық авиацияда, оның ішінде Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде мұндай жалақымен кез келгені мақтана алмайды», - деді Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин. Еске сала кетейік, "Қазавиақұтқару" компаниясының қызметкерлері жұмыстан кету туралы жаппай хат жазып, бірқатар талап қойғаны еді. Бас құтқарушы тілшілердің осы мәселеге қатысты сұрағына жауап берді. Министрліктің мәліметінше, ұшқыштардың айлығы 640 мың теңгеден 2,5 миллион теңгеге дейін барады.

«Қазавиақұтқару» АҚ ұшу құрамы жаппай жұмыстан шығатыны туралы хат жазған болатын. БАҚ-да осындай ақпарат тарағанды. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мұндай жағдай орын алып отырғанын растады. Қазір құзырлы орган аталған өтініш бойынша тексеріс жүргізіп жатыр. Ильиннің айтуынша, ұшу құрамы бірнеше талабын алға тартқан. Оның алғашқысы ұшқыштардың жалақысына қатысты болып отыр.

ЮРИЙ ИЛЬИН – ҚР ТЖМ «Тексерудің нәтижесін көп күттірмейміз.Талаптар мен наразылық жалақыға да қатысты, бірақ ол ұшу экипаждарының барлығы жалақысын уақытында алып отыр. Ацлықтары жаман емес.бір ұшқыштың жылдық жалақысы 20 миллион теңгеден асады. Менің ойымша, мұндай жалақы бәрінде бола бермейді. Меніңше, азаматтық авиацияда, оның ішінде Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде мұндай жалақымен кез келгені мақатана алмайды»

Сондай-ақ ұшқыштар жұмыс жағдайына қатысты шағым айтқан.

ЮРИЙ ИЛЬИН – ҚР ТЖМ «Барлық уақытта құрамның тұратын және орналасқан жері бесжұлдызды қонақ үй талаптарына сай болуы тиіс емес. Төтенше жағдайда әртүрлі жағдай болады. Кйбір ұшқыштарын өздерін «Құдаймын, патшамын» деп санайды. Ұшқыш ұшу барысында ғана «Құдай және патша». Ол әуе кемесінің бортында өзімен бірге қандай лауазымды тұлға ұшып келе жатса да шешім қабылдауға құқылыАл жерде ол Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкері және өзінің қызметтік міндетін орындауы тиіс»

Министрдің айтуынша, бас-аяғы 23 қызметкер жұмыстан кету туралы арыз жазған. Тексеріс қортындысы бойынша шешім қабылданатын болады. Әзірге ешкімді жұмыстан шығарып жатқан жоқпыз дейді ол.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.