Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰШҚЫШТАР ДАУЫ ШЕШІЛДІ МЕ?

c 16:09, 01/05/2023 c 158

0:00 / 0:00

Еліміздің бас құтқарушысы Юрий Ильин "Қазавиақұтқару" компаниясының қызметкерлерінің шағымына қатысты мәселенің қалай шешіліп жатқанын айтты. Бұл жайында министр елордалықтармен кездесуден соң, тілшілерге берген сұхбатында айтты. Еске сала кетейік, "Қазавиақұтқару" компаниясының қызметкерлері жаппай жұмыстан кету туралы хат жазып, бірқатар талап қойғаны еді. Бас-аяғы 23 қызметкер жұмыстан кетуге арыз жазғанды. Сондай-ақ олар барлық уақытта құрамның тұратын және орналасқан жерлеріне қатысты да шағымданған. Төтенше жағдайлар министрі күні кеше «Қазавиақұтқару» компаниясының қызметкерлерімен кездесу өткенін айтады. Ильин кейбір ұшқыштардың айлығы 1 миллион 700 мың теңгені құрайды. Яғни олардың жылдық табысы 20 миллион теңге дейді.

ЮРИЙ ИЛЬИН – ҚР ТЖМ «Жаппай жұмыстан кетеміз деген мәселеге келсек. Кешегі кездесуден соң, біраз сұрақтар күн тәртібінен алынды деп ойлаймын. Олар «Қазавиақұтқару" компаниясында жұмыс істей берем десе, жұмысын жалғастырады. Ол жерде ешкімге қысым жоқ, оларды жұмыстан шығару деген жоқ.»

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.