0:00 / 0:00
Ел Президенті Үкіметке Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы бұрынғы жеткілікті шекті межесін қолдану мерзімін 2022 жылғы 1 сәуіріне дейін созу туралы тапсырма берді. Бұл жаңалық бір апта бойы қордағы қаражатын ала алмай қаламын деп алаңдағандардың көңілін біршама болсын басқандай болды. Осыған орай, енді Отбасы банкінің басшысы Ләззат Ибрагимова зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, ағымдағы жылдың 16-ы желтоқсанынан бастап депозиттерді толықтыру мүмкіндігі жасалатынын хабарлады. Осылайша Зейнетақы қорындағы жинағының бір бөлігін шешіп алуға үш ай уақыт берілді. Халықтың пікірін білген едік.
Бір апта бойы зейнетақы қорындағы жинағымыздың бір бөлігін шеше алмай қаламыз деп даурыққан халықты Президенттің шешімі шамалы болсын су сепкендей басты. Әлеуметтік желіде «мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халықтың үніне құлақ асты»- деген пікірлер жарыса жазылды. Өздеріңізге мәлім, БЖЗҚ зейнетақы жинақтарының шекті межесін келесі жылдан бастап көтеретінін, ол ең төменгі жалақы көлемінің 41 пайызға артуымен байланысты екенін мәлімдегенді. Алайда, сарапшылар шекті меженің екі есеге артқанын айтып, бұл халықтың баспана мәселесін шешуге, денсаулығын түзеуге кедергі болды дегенді. Осылайша, қазақстандықтардың соңғы бір аптаның ішінде зейнетақы қорына шекті межеден артылған қаражатын алуға өтініші он есеге өскен. Бір айда бар мүмкіндікті қолданып қаламыз деп жанталасқандардың енді үш ай уақыты бар. Ел Президенті Үкіметке Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы бұрынғы жеткілікті шекті межесін қолдану мерзімін 2022 жылғы 1 сәуіріне дейін созу туралы тапсырма берді.Осы жаңалыққа қатысты елордалықтардың пікірін білген едік.
Сондай-ақ, бүгін «Отбасы банкі» басшысы Ләззат Ибрагимова да зейнетақы жинақтарын пайдалана отырып, депозитін толтыруды жоспарлағандар үшін жағымды жаңалығымен бөлісті. "Біз депозиттерді толтыру батырмасын 2021 жылдың 16 желтоқсанында және төрт демалыс күні арнайы шоттарды ашуға және депозиттерді ашуға дайынбыз, бірақ бәрі ашып қойған сияқты. Біз жерлестеріміз мерекелік дастархан басында ноутбукты ашып немесе үйдегі компьютерден жүктеп алып, өздерінің біржолғы зейнетақы төлемдерін "Отбасы банк" депозиттеріне аудара алатындай техникалық қолдауды қамтамасыз етуге дайынбыз", - деп жазды банк төрайымы. Еске сала кеетйік, бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі зейнетақы жинағындағы ерте алуға болатын артық бөлігін БЖЗҚ-дан "Отбасы банк" депозитіне 2022 жылдан бастап қана аударуға болатынын мәлімдеген болатын. Енді Президенттің тапсырмасынан кейін, депозит мәселесі де ерте шешілмек.