0:00 / 0:00
Ұрланған миллиардтарды елге қайтаруға мүмкіндік беретін заң жобасы қабылданды. Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы» заң жобасын қабылданып, Сенаттың мақұлдауына жолданды. Одан әрі ол құжат Президенттің қол қоюына бағытталады. Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов, аталған құжат шетелге заңсыз кеткен капиталды қайтаруға, жемқорлық жолмен байығандардың заңсыз әрекетін әшкерлеуге жұмыс істейтініне еш күмәнім жоқ деді. Толығырақ тілші репортажынан
Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселесі Президенттің тікелей тапсырамсы болатын. Праламент депутаттары айтулы құжатты тезарада қолға алып, енді міне екі оқылымда да қарап, қабылдап жіберді. Бұған дейін де айтылғандай, аталған заң жобасы заңсыз әрекеттер арқылы байлыққа, активтерге ие болған мемлекеттік лауазымды тұлғалар, квазимемлекеттік секторда қызмет ететіндердің әрекетін бақылауға алынады. Сондай-ақ, активтерді қайтару барысында осы жеке тұлғалармен тығыз байланыста болған, заңсыз сыбайластық орнатқан өзге тұлғалар да жауапқа тартылады. Заң жобасы аясында арнайы Бас прокуратураның жанынан уәкілетті орган мен комиссия құрылады. Сондай-ақ заңды және жеке тұлғалардың жабық реестрі жасалынып, мемлекеттік қор жасақталады. Яғни заңсыз иеленген қаржы осы қорға құйылады. Спикердің айтуынша, бұл стандартқа сай емес заң болайын деп тұр.
Аталған заң жобасы аясында заңсыз иемденген қаражатты өз еркімен қайтарғандар қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетуі мүмкін. Яғни ұрланған, заңсыз шетел асқан капитал елге қатарылады деген үміт бар. Қошанов бұл заң ел игілігіне жұмыс істейтініне еш күмәнім жоқ, - дейді. Саясаттану Досым Сатпаевтың пікірінше, ел билігі шетелге заңсыз кеткен капиталды қайтару үшін халықаралық журналистік тергеулердегі тізімге жүгінегені жөн. Онда Панама, Paradise құжатын назарға алуды ұсынады саясаттанушы. Мәжіліс төрағасы заңсыз байығандардың тізімі жасалатынын айтады.
Өздеріңізге мәлім, еліміздегі байлықтың тең жартысы 162 адамға тиесілі деген ақпарат бар. Ал елден заңсыз шығарылған капиталдың көлемі жайында әртүрлі ақпарат бар. Депутаттар келтірген мәліметте 160 миллиард доллар оффшорда жатыр. Ал кей мәліметтерде бұл сома 200 миллиард долларды құрайды.