Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Ұрланған көлік иесіне қайтарылды

c 16:38, 19/08/2020 c 479

0:00 / 0:00

Орал қаласының тұрғыны темір тұлпарын небәрі 4 ай көлемінде қолданыпты. Келеңсіз оқиға осыдан 6 ай бұрын 14 наурызда орын алған. Жұмыстан келген бойда көлігін аулаға қойып, кілттеп кеткен.
Абай полиция бөліміне арыз түскен соң дереу арнайы топ құрылып, іздестіру жұмыстары басталып кетеді. Ресейлік нөмірлі автокөлік болғандықтан іздеу ұзаққа созылып, қиындықтар туғызған. Әсіресе көршілес облыстарға баса назар аударылыпты. "Шаһардағы қолды болған көліктердің басым бөлігі Атырау, Ақтөбе қалаларына әкетіліп, сол жақта сатылып кетеді",- дейді Абай полиция бөлімінің қызметкерлері. Бұл жолы да ұрланған көлік 6 айдан кейін Атыраудан табылды.
1997 жылғы күдікті Орал қаласының тұрғыны. Бұрын істі болмапты. А. есімді азаматқа қатысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көлік иесі үмітімді үзбедім, табылады деп сендім дейді. Абай полиция бөлімінің қызметкерлері Атырауға барып, ұрланған көлікті алып келді.
Орал қаласында ағымдағы жылдың 7 ай ішінде 69 көлік ұрлығы тіркелген. Соның 60 бойынша тергеу жұмыстары аяқталыпты.

 

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.