0:00 / 0:00
Қазақстан халқының ұрланған қыруар қаржысын елге қайтару керек. «Ақжол» партиясының депутаттары үкіметке осындай талап қойды. Депутаттардың мәліметінше, «Панама тізімі», «Райское досье» және Швейцария банктерінде қазақстандықтардың шотында қырруар қаржы жатыр. «Tax Justice network» халықаралық ұйымының дерегінше, соңғы 25 жылда Қазақстаннан шетелдік оффшорларға шамамен 140-160 миллиард АҚШ доллар шығарылған. Ал нұротандық депутаттар елдеге сіңірі шыққан кедейлікпен күресті күшейтуді ұсынды. Өз кезегінде Сенат депутаттары қымбатшылықты тежеп, азық-түлікпен қамтамасыз етуді тұрақтандыру үшін резервтік қорлар құруды ұсынды. Парламент депутаттарының талабы мен ұсыныстары жайында тілшіміз тарқатады.
Қаңтар оқиғасы қатты әсер етті ме, депутаттардың беті халыққа бұрылды. Елдегі қымбатшылық, сіңірі шыққан кедейшілік, қолды болып, шетел асқан қыруар қаражат жайында жиі айта бастады. Айтып ғана қоймай биліктен талап етуде. Не керек, халыққалаулырының бұл талаптары жүзеге асса құба-құп. Нұротандықтардың Қазақстанның кедейшілік бойынша әлемдегі ең кедей елдердің қатарында екеніне енді көз жеткізген сияқты. Бұл мәселе Парламент қабырғасында өзге фракция депуттарымен де талай айтылып, ұсыныстар жасалғанды.Алайда, оған көңіл бөлген үкіметті көрмедік. Мәжілісмен Сайыров Дүниежүзілік банктің деректерін алға тартты.Әлемде табысы орташадан төмен елдер үшін күніне бір адамға 3,2 АҚШ доллар, кірісі орташадан жоғары елдер үшін 5,5 АҚШ доллар табыс табу керек. Ал Қазақстанда ең төменгі күнкөріс деңгейі 3 долларға да жетпейді. Ресми деректе 2021 жылы табысы күнкөріс деңгейінен төмен адамдар саны 998 мыңды құрады делінген. Ал биресми мәліметте, кедейлер саны 1,5 млн адамға жеткен. Одан да жоғары болуы мүмкін дейді депутат.
Бүгінде қазақстандықтардың ең аз қамтылған 40 пайызы тапқан табысының 59 пайызын азық-түлікке жұмсайды. Депутаттар үкіметтен кедейшілік шегіне қатысты шынайы мәлімет беруді талап етті. Жалпы ішкі өнім деңгейіне, халықаралық стандарттарға сәйкес Қазақстанда кедейлік шегін арттыруды, кедейліктің жаңа анықтамасын енгізуді.Ең төменгі күнкөріс шегін арттырып, ең төменгі жалақы мөлшерінде табыс табатын азаматтарды жеке табыс салығынан босатуды, ең төменгі жалақыны жыл сайын индексациялауды ұсынды. Ал ақжолдықтар оффшорда жатқан қазақстандықтардың ұрланған қыруар қаржысын елге қайтаруды талап етті. Депутаттардың мәліметінше, «Панама тізімі», «Райское досье» және Швейцария банктерінде қазақстандықтардың шотында қырруар қаржы жатыр. Соңғы 25 жылда елден шетелдік оффшорларға шамамен 160 миллиард АҚШ доллар шығарылған.
Сондай-ақ, депутат қаңтар трагедиясында бай-бағландар шетелге қашып, қомақты қаржыны ала шыққанын айтты.
Пандемия кезінде халықтың табысы азайып, жұмыссыздық көбейіп жатқанда, қымбатшылық қатты соққы болды. Сенаторлар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын төмендетуді талап етті. Тапшылық орын алмас үшін резервтік қорлар құруды ұсынды.
Сенатордың айтуынша, статистикалық дерекке сүйенсек, қазір елге сүт өнімдерінің 23%-і, құс етінің 38%-і, шұжық өнімдерінің 44%-і шетелден импортталады. Яғни, Қазақстан импортқа тәуелді, бұл еліміздің азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отыр.