Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰЛЫТАУДАН БАСТАУ АЛҒАН ҚҰРЫЛТАЙ

c 09:06, 17/06/2022 c 860

0:00 / 0:00

Қазақстан Президенті жаңадан құрылған Ұлытау облысына ат басын тіреді. Өздеріңізге мәлім, бүгін Ұлытауда Ұлттық Құрылтай өтті. Өңірге табаны тиген президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен Жезқазғандағы қала құрушы кәсіпорынның басшыларымен, облыс әкімімен кездесіп, жаңа облысты құру барысымен танысты. Бұдан соң, Ұлытаудан бастау алған ұлттық Құрылтайдың отырысына қатысты. Ұлттық құрылтайдың қазіргі құрамында Мәжіліс депутаттары, азаматтық қоғам мен саяси партия өкілдері, сарапшылар мен өңірлердегі қоғамдық кеңес мүшелері, кәсіпкерлер кірді. Барлығы 117 адам бар. Құрылтай құрамынан ақын Мұхтар Шаханов, қазақтың тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров, академик Асқар Жұмаділдаев, экономист Жақсыбек Күлекеев, саясаткер Әлихан Бәйменов, қоғам қайраткері Ермұрат Бәпи сияқты жақсы-жайсаңдарды байқадық.

Жаңадан құрылған Ұлытау облысына барған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ең алдымен, өңірдің тыныс-тіршілігімен танысты. Облыс орталығы Жезқазған қаласында тұрғын үйлердің 33 пайызы ескірген. Инфрақұрылымы нашарлаған. Балаларды дамыту орталықтары, жаңа жоғарғы оқу орындарын, денсаулық, білім орталықтарын салу қажет. Енді ғана облысты тізгіндеген әкім Берік Әбдіғали Президентке облысқа қажеттің бәрін тізбектеп берді.

Өз кезегінде мемлекет басшысы әкімнің сұрауы назардан тыс қалмайтынын айтты. Ал осы өңірдегі ірі "Қазақмыс компаниясының" басшыларын облыстың ифрақұрылымын дамытуға шақырды. Тоқаев компанияның әлеуметтік жауапкершілігі тұрғысынан бөліп отырған 25,4 миллиард теңгесі аз. Қаржыны ұлғайтып, әлеуметтік нысандардың құрылысына көмектесу қажет деді.

Ұлытаудан бастау алып отырған ұлттық құрылтайда еліміздің дамуы үшін маңызды мәселелер талқыланып, қаралатын болады. Президент екінші Қазақстан құру үшін атқаратын шаруа көп, босаңсуға болмайды деді. Ал елдің атауын өзгертіп, «стан» сөзін алып тастау туралы ұсынысты жүзеге асыру мүмкін емес екенін де айтып қалды.

Сондай-ақ, мемлекет басшысы бұрынғы 25 қазанда аталып келген ұлттық мереке- Республика күнін қайтаруды ұсынды. Қасым-Жомарт Тоқаев «қазанның жиырма бесі күні жыл сайын Егемендік күнін еліміздің басты мерекесі ретінде атап өтуіміз керек. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл еліміздің тәуелсіздік жолындағы тұңғыш қадамы болатын деді. Ұлттық Құрылтайдың келесі отырысы киелі Түркістанда өтетін болды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.