Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ МУЗЕЙ БАСШЫСЫ ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

c 20:10, 30/05/2022 c 670

0:00 / 0:00

Ұлттық Музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғаны расталды. Бұған дейін Мұхамедиұлына қатысты алып-қашпа әңгіме айтылғанды. Әлеуметтік желіде экс-министр қамалды деген бейресми ақпарат шыққанды. Одан соң Ұлттық музейдің баспасөз хатшысы өз басшысы қамауға алынғаны туралы ақпаратты жоққа шығарған болатын. Дегенмен, жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі экс министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғанын ресми мәлімдеді. Оған қатысты 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Көп жылдар бойы мәдениет және спорт министрлігін тізгіндеп келген, қазіргі ұлттық музейдің басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты ақпарат өткен аптада тез тарған болатын. Әу баста Мұхамедиұлы суицид жасады деген ақпарат тарады. Алайда, оның баспасөз хатшысы Айдар Қырықбай бұл ақпарды жоққа шығарды. Ол бастығының ауруханада қан қысымымен жатқанын айтты. Кейін Арыстанбек Мұхамедиұлының президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа арнаған хатын жариялады. Онда музей басшысы өзіне жала жабылып жатқанын, музейдегі негізсіз тексерулерге тосқауыл болуын сұрағанды. Әлеуметтік желіде Арыстанбек Мұхамедиұлы өзінің қызмет жолы мен атқарған істері туралы айтып, бірнеше жыл бұрын қоғамда шу болған «Феникс» фильміне қатысты да сөз қозғады. Ол түрлі тексерулер мен қаралау әрекеттерін «Феникс» фильмі бойынша істі болған Тұңғышбай Жаманқұлов пен Талғат Жаныбековтер ұйымдастырғанын жеткізгенді. Кейін Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен іс қозғалғаны туралы алғаш ақпарат шығысымен еліміздің белгілі актері Тұңғышбай Жаманқұлов БАҚ өкілдеріне "Арыстанбек Мұхамедиұлының үстінен арыз түсіргенін мәлімдеді. Не керек бұл гу-гу әңгіменің рас-шынына Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі нүкте қойды. Агенттік ресми түрде экс- министр Арыстанбек Мұхамедиұлының қамауға алынғанын мәлімдеді. Жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің баспасөз қызметі оысған қатысты ауызша ақпарат беруден бас тартты. Ал жазбаша таратқан мәліметіне сәйкес Ұлттық музейдің лауазымды тұлғаларына және басқа да тұлғаларға қатысты "Алтын адамның әлем музейлері шеруі" халықаралық көрмесін өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарт аясында 146 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Алайда Ұлттық музейдің ұжымы басшыларына қатысты қабылданған шара негізсіз деп Президентке хат жолдады. Бүгінде музейде 500-ге жуық қызметкер болса, соның 80-ге жуығы қол қойған бұл хатқа.

Баспасөз хатшысының айтуынша, қазір қамауда отырған Мұхамедиұлының жемқорлықтан ада екенін дәлелдеу үшін адвокат жұмыс істеп жатыр. 146 миллион теңгенін жымқырылғанын дәлелдейміз дейді ол.

Айта кетейік, Ұлттық музей директоры Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты тергеу жалғасып жатыр. Тергеу тәртібі бойынша басқа ақпарат жария етілмейді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.