Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҰЛТТЫҚ БАНК БАЗАЛЫҚ МӨЛШЕРЛЕМЕНІ ТӨМЕНДЕТТІ

c 14:46, 26/02 c 76

0:00 / 0:00

Еліміздің бас банкирі Тимур Сүлейменов базалық мқлшерлемені төмендеттік деп сүйіншіледі. Базалық мөлшерлемені 14,75 пайызға дейін төмендету туралы шешім қабылдапты. Сондай-ақ ол жылдық инфляцияның баяулағанын айтады.

Дегенмен, базалық мөлшерлеменің төмендеуі депозиттерге де әсер етуі мүмкін. Ұлттық банк төрағасы біріншіден кредиттік ресурстарды тарту төмендейді. Сондай-ақ депозиттердің мөлшерлемелеріне де әсер етіп, олар да төмендейді деп отыр. Шамамен 0,5 пайызға төмендеуі мүмкін. Бас банкир мұндай өзгерістерді енгізу банктердің өз саясатына байланысты болады. Бірақ 0,5 пайызға төмендегені аса қатты әсер етпейді дейді. Банк басшысы мұны ресурстары ауқымды қаржыгер, банктер сезінуі мүмкін екенін айтады. Ал халыққа немесе жекелеген бизнеске әсері жоқ. базалық мөлшерлеменің төмендеу көрсеткіші айтарлықтай емес әрине. Ал орта және шағын бизнес арзан несие күтіп отыр. Бұған дейін айтылғандай Президент Қазақстанға үш шетелдік банкті тартуды тапсырғанды. Шетелдік банктер келсе, қазақстандықтарға арзан несие бола ма?-деген үміт болды. Мысалы, дамыған елдердегідей 1-4 пайыздық ипотека берілсе дегендей. Бірақ Қаржы нарығын ретету агенттігінің басшысы Мәдина Әбілқасымова нарыққа жаңа банктер келсе де, ол елде қалыптасқан базалық мөлшерлемеге тәуелді болатынын айтқанды. Сондықтан, шетелдік банк келіп, ресурстарды әртүрлі мөлшерлемемен ұсына бастайды деп күтудің қажеті жоқ. Экономикадағы ақша құны және кез келген жағдайда ол базалық мөлшерлемеге қарайды, - деген еді. Сондықтан 14,75 пайызға едйін төмендеген базалық мөлшерлеменің өзі қазақстандықтарға арзан несие сыйлай қоймайтыны анық.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.