0:00 / 0:00
Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінің хабаралауынша, Қазақстанның 241 азаматы Украина-Польша шекарасын кесіп өтті, тағы 99 азамат шекарада кезекте тұр. Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялайтын алғашқы ұшақ Польшаның Катовице қаласына жетіп, ендігі Атырауға 175 жолаушымен ұшып шықты деп хабарлайды министрліктің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау мәселесін мұқият қадағалап отыр, деп мәлімдеді баспасөз хатшысы Берік Уәли.
Соғыс жүріп жатқан Украина жерінен қазақстандықтарды елге әкелу мәселесі үлкен қиындықтар туғызуда. Ресейдің 24 ақпанда бастаған соғысы әлі де тоқтар емес. Екі ел арасындағы қақтығыс күшейіп барады. Ал бұл жағдайда әскерилерді айтпағанда, бейбіт халық оққа ұшырап жатыр. Украина халқы Киевтен шеткі қалаларға кетіп жатса, шекаралас ел Польшаға да өтуде. Бұл жағдайда Қазақстан билігі өз азаматтарымызды елге жеткізе алмай әуерег түсуде. Украинадағы Қазақстан елшілігі сол елдегі 500-ге жуық азаматымызды әкелу шараларын қамтуда. Бүгін ғана Укрианадан Польша жеріне өткен қазақстандықтардың ішінде 175 азаматамыз Катовице қаласынан Атырауға ұшып шықты деп хабарлайды министрліктің баспасөз хатшысы Айбек Смадияр. Катовице– Атырау – Алматы бағыты бойынша репатриациялық рейстерді ұйымдастырылған. Азаматтарды елге әкелу жұмысы одан әрі жалғаспақ. Бұл орайда еліміздің сыртқы істер министрлігі Украинадан азаматтарды эвакуациялау жұмысын неше кешеулетті деген сұрақ туындайды.
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау мәселесін мұқият қадағалап отырғанын хабарлады. Ал Қазақстанның Украинадағы елшісі Дархан Қалетаев БАҚ-на берген сұқбатында елге ең алдымен әйелдер мен балаларды жеткіземіз. Сондай-ақ, алғашқы рейске түрлі дертке шалдыққан, медициналық көмекке мұқтаж қазақстандықтар мінеді деп хабарлады. Қазақстандықтар Украина мен Польша шекарасында 20 сағатқа жуық тұрған. Львовтағы консулдыққа 40 адам жиналды, олар кетуге дайындалып жатыр. Тағы 12 адам Харьковтан Львовқа бет алды. Сондай-ақ, тағы 40 адам Киевтен кетуі керек, - дейді дипломат. Сондай-ақ, Харьковта қазақстандық 40 студент бар. Ресей мен Украина арасындағы соғыс көршілес елдердің экономикасын бүйірден түйіп жатыр. Ресейге қарсы енгізілген санкциялар Қазақстанға кері әсерін тигізеді дейді сарапшылар. Себебі бұл санкциялар Еуразиялық экономикалық одақ елдері экономикасына да бағытталған.Ендігі доллар шарықтап бағамы 500 теңгеге жетті. Ұлттық экономика вице-министрі ұлттық валюта үшін белгілі бір тәуекелдердің әлі де сақталып отырғанын. Бұл халықаралық жағдай мен Ресей рубліне байланысты екенін айтты.
ТИМУР ЖАҚСЫЛЫҚОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ "Әрине, бұл жағдай Қазақстан экономикасы мен теңге бағамына ықпал етеді. Бірақ Ұлттық банк қажетті шараларды қабылдады, өздеріңіз көріп отырсыздар. Меніңше бастапқыда қандай да бір алыпсатарлық реакция болады, кейін бағам тепе-теңдікті ұстайды"
Бұған дейін Ұлттық банк пен Қазақстан қор биржасы теңге-доллар валюта жұбы бойынша сауда-саттық ережесін өзгерткені хабарланды. Бүгін елорданың айырбастау пунктеріндегі доллар бағамы 500 теңгеге жақындап қалған. Кей өңірлерде одан да жоғары.