0:00 / 0:00
Қазақстанда халықтың табысын арттыру бойныша бағдарлама әзірленіп жатыр. Бүгін өткен үкіметтің онлайн отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, халық кірісін арттыру бағдарламасын әзірлеу және қабылдау жоспарланғанын мәлімдеді. Үкіметтің алдында тұрған басты міндет - халық табысын арттыру. Бұл Президенттің жүктеген негізгі тапсырмасы еді.
Ұазір үкіметтің басты міндеті елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды тұрақтандыру болып отыр. Президенттің тапсырмасына сәйкес, халықтың табысын арттыру жұмысы тұр. Смайылов үкіметі екі айдың ішінде тиісті бағдарламаны әзрілеп, таныстыруы керек. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесінде айтылғандай, отыз жыл бойы байып, шалқып келген олигархтардың енді халыққа көмек беретін кезі жетті. Тоқаев үкіметке «Оператор РОП» утильдік алым жинауын әкімшілендіруді тыйым салуды тапсырды . Мұнымен мемлекеттік ұйым айналысып, алымдардың ставкасы қайта қаралуы тиіс - деді. Сондай-ақ, «Самұрық-Қазына» қорының жұмысына қатысты сын айтылды. Қор мен басқа да ұлттық компаниялардың сатып алулары тәртібін қайта қарастырылмақ. Әзірге министрлер кабинеті алдында тұрған міндеттерді қалай атқаратыны жайныда нақты бағдарлама ұсынған жоқ, әзірленіп жатыр.
Инфляцияның негізгі факторы - әлемдегі азық-түлік бағасының өсуі дейді бас экономист. Өткен жылдың қыркүйегінде инфляция бір жыл ішінде ең жоғары көрсеткішке жетті. Инфляцияның жеделдеуіне азық-түлік тауарлары, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының қымбаттауы әсер етті. Қазір үкіметтің алдында бағаның өсуіне жол бермеу міндеті тұр.
Бағаның өсуін тежеу үшін 2021-2024 жылдарға инфляцияға қарсы ден қою іс-шараларының кешені қабылданды. Ендігі үміт сонда. Премьер-министр азық-түлік бағасын ұстап тұру үшін, қажет болса ауыл шаруашылығы өнімдерін сыртқа сатуға шектеу қою керек деді. Ал халықтың табысын арттыруға қатысты кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп, бағдарлама әзірленіп жатқан көрінеді.
Сондай-ақ, "Қазақстан халқына" қоғамдық-әлеуметтік қоры сирек аурумен ауратын балаларға қазіргі заманғы қымбат медициналық қызметтер мен дәрілік заттарды алуға қолдау жасамақ. Бұл қор қаңтар оқиғаларынан кейін елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жедел қалпына келтіруге мүмкіндік береді,-ден сендірді үкімет басшысы. Қазір қорға кәсіпкерлер, екінші деңгейлі банктер қаржы аударып бастады. Тіпті мемлекеттік қызметкерлер мен депутатттар да бір күндік жалақысын жолдап жатыр. Алайда, Президент бұл қорға қалтасы қалың олигархтар ақша салуы тиіс деген еді. Әзірге, сауап іс жасауға асығып отырған байларды көрмедік.