Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮКІМЕТ ТАҒЫ ДА ҰЛТТЫҚ ҚОРҒА АУЫЗ САЛДЫ

c 09:10, 06/04/2022 c 440

0:00 / 0:00

Мемлекет басшысының халықтың әл-ауқатын жақсартып, табысын арттыру туралы тапсырмасын орындау үшін республикалық бюджеттің шығысы 2,7 триллион теңгеге ұлғайтылды. Үкімет бюджет шығыстарына қаражатты бюджетке кірісінен және Ұлтық қордан алмақшы. Осылайша Үкімет тағы да ұлттық қорға ауыз салып, қордан кепілдендірілген трансфертті ұлғайта отырып 1,6 триллион теңге алады.

Қаңтар трагедиясынан кейін бюжет шығыстары өсіп отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаетвтың халыққа Жолдауында үкіметке бірқатар тапсырма жүктелген болатын. Ең маңыздысы халықтың әл-ауқатын көтеріп, табысын арттыру. Енді Смайылов үкіметі қаңтардағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге байланысты бюджеттің шығыс бөлігін арттыруға мәжбүр. Осылайша министрлер кабинеті республикалық бюджеттің шығыс бөлігін 2,7 триллион теңгеге ұлғайтты. Бұл шығыстар әлеуметтік мәселелерді шешуге, халықтың нақты табысын арттыруға сондай-ақ өңірлерді дамытуға және жалпы еліміздің қорғаныс саласының әлеуетін күшейтуге жұмсалады дейді қаржы министрі. Ал бұл шығында жабу үшін тағы да Ұлттық қордан 1,6 триллион теңге тартылмақ.

Соның ішінде Президенттің тапсырмаларын іске асыруға қосымша 1,8 триллион теңге бағытталады. Халықтың табысын арттыруға 197 миллиард теңге бөлінеді. Бұл қаражат жастарды қолдау, өз бизнесін ашу үшін микрокредит беру, жалға алынған тұрғын үй үшін төлемнің бір бөлігін субсидиялау және халықтың нақты табысын арттыруға бағытталған басқа да маңызды іс-шараларға жұмсалмақ. Халықтың қамын қамтуға көзделген қаржыны неге тағы да болашақтың несібесі-Ұлттық қордан алуымыз керек? Неге Үкімет басқа жолын іздемейді?- деген сұрақ туындайды.

ӘЛІБЕК ҚУАНТЫРОВ – ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРІ «Ұлттық қордың бірнеше функциясы бар. Біріншісі- жинақтаушы, екінші-тұрақтандыру, үшіншісі- антикризистік. Сондықтан дағдарыс барысында қордан қаржы тарту қалыпты жағдай».

Президенттің тапсырмаларының бірі сыртқа заңсыз кеткен капиталды елге қайтару болды. Үкімет бұл шаруаны да қатырып жатырмыз деп сендіреді. Премьер-министр өкімімен комиссия және оның аясында бес жұмыс тобы құрылды. Жұмыс топтары ақшалай қаражаттың жылыстауы бойынша талдау жүргізіп, капиталды шетелден елге қайтаруды , шектеу шараларын енгізу, шығарылған капиталды қайтару шараларын қабылдауға байланысты тиісті ұсыныстарды әзірлейтін болады.

ЕРҰЛАН ЖАМАУБАЕВ –ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ «Ақ жол» партиясы фракциясының депутаттарының дерегінше, Қазақстаннан сыртқа 167 млрд доллардан астам қаражат шығарылған. Жемқор¬лардың халықтан ұрлаған сомасы еліміздің тәуелсіздік жылдарын¬да мұнай сатылымынан түскен Ұлттық қордағы қаражатынан екі есе көп дейді депутаттар. Ұлттық экономика министрінің мәліметінше, қазір Ұлттық қорда 55-56 млрд доллар қаражат қалған.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.