Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Үй жануарларына санақ жүргізіледі

c 17:47, 14/04/2021 c 329

Орал қаласында үй жануарларын бірдейлендіру шарасы басталды. Бұралқы жануарлар, оның ішінде жабайы ит пен мысықтардан келетін түрлі қауіпті жұқпалы дерттердің алдын-алуда бұл шаралар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Айта кетен жөн, бірдейлендіру шарасын атқару барысында туындаған бірқатар мәселелер де бар көрінеді."Үй жануарларын бірдейлендіруге тұрғындар құлықсыздық танытуда",- дейді ветеринар дәрігерлер. Өйткені қолға үйреткен жануарларын бірдейлендірісе, көше кезген қаңғыған жабайы жанаруалар болмас па еді?! Мәселен, ит пен мысықты бірдейлендіруге көп дегенде бес-ақ минут уақыт жұмсалады. Хайуанның желкесіне енгізілетін таңба арқылы базада жануар туралы, оның иесі, жасы, мекенжайы сынды барлық мағлұмат пайда болады. Және түрлі ауруларға қарсы жасалған ем-шаралар туралы да мәліметті білуге болады.Таңбалауды қалалық ветеринарлық орталыққа барып, 500 теңгеге жасатуға болады. Немесе Оралдағы өзге жеке клиникаларда бұл процесс жүзеге асырылады. Бүгінде облыс орталығында 1000-нан аса үй жануарының паспорттары бар болса, иесіз жүргендері туралы нақты мәлімет жоқ. Иесіз жүрген көше жануарларының адамға шабуылының салдары құтырма дертін жұқтыру мәселесін тудырады. Сол себепті мәселінің алдын алу өзекті. Санитар дәрігерлер болса, соңғы жылдары облыста құтыру дерегінің тіркелмегенін айтады. Алайда бұл жайбарақат жүруге себеп емес. Биыл жануарларды залалсыздандыруға, қауіптілерінің көзін жоюға қазынадан 28 млн. теңге бөлінген.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.