Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ҮЙ ТИРАНДАРЫ» КӨШЕ СЫПЫРАДЫ

c 15:26, 18/10/2022 c 1175

0:00 / 0:00

Қазақстанда отбасындағы тұрмыстық зорлық зомбылық белең алуда. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл отбасылық-тұрмыстыққа қатысты 668 қылмыс тіркелген. Отбасындағы кикілжіңнің 80 пайызына ер адам себепкер саналады. Жұмыссыздық, отбасындағы материалдық жағдайдың жоқтығы ерлі-зайпытлар арасында жанжал тудырады. 74 пайызында тұрақты жұмыс орны, ал 90 пайызында кәсіби және жоғары білімі жоқ. 78 пайыз жағдайда жәбірленушілер - әйелдер. Отбасында зардап шеккен 7,5 мың әйел дағдарыс орталықтарына орналастырылған. Көбіне олар үй тиранының қорқытып-үркіткеніне көндігіп жүреді. Өкінішке орай балалар да зардап шегеді. Министрдің айтуынша, биыл полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 100 мыңнан астам шағым түскен.

Бас полицейдің айтуынша, тұрмыстық қорлық-зомбылық Шымкент, Астана, Алматы қалаларында, және Қарағанды, Павлодар, Қостанай облыстарында көп тіркелген. Бірақ олардың 60% бойынша полиция тиісті шара қолдана алмаған. Өйткені полицейлер оқиға орнына келген кезде жәбірленушілер өтініш беруден бас тартқан. Заң талабы бойынша арыз-шағым болмаса полицейлер "үй тирандарын" жауапқа тарта алмайды. Отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті күшейтіп, ауыр қылмыс түріне ауыстыру керек дейді министр. Көше сыпыртып еңбекпен тәрбиелеу жолын да ұсынды.

Отбасындағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге арналған дағдарыс орталықтары еліміздің барлық аймағында бар деп айту қиын. Оны премьер-министрдің өзі де аңғарған.

Жыл басынан бері 35 мың әкімшілік хаттама толтырылды. Оның ішінде сот шешімі бойынша:10 мыңнан астам адам қамауға алынса, 8,5 мың адамға ескерту жасалды, 675 адамға айыппұл салынды.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.