Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

ҮГІТ-НАСИХАТТЫҢ СОҢҒЫ КҮНІ

c 00:14, 18/03/2023 c 120

0:00 / 0:00

Бүгін үгіт-насихаттың соңғы күні. Парламент Мәжілісі мен маслихат депутаттарының сайлауында депутаттыққа таласып жатқан кандидаттардың бір айға созылған үгіт-насихат жұмысы бүгін аяқталады. Ертең бір күн тыныштық орнап, наурыздың 19-ы шешуші күн-сайлау өтеді. Қазақстандықтардың көп дауысы кімге бұйырады? Оны сайлау нәтижесі көрсетеді. Ал тыныштық күні сайлау алдындағы үгітпен байланысты кез келген іс-әрекетке тыйым салынады және ол үшін заңнамамен құқықтық жауапкершілік көзделген деп хабарлайды Орталық Сайлау комиссиясы. Мәлім болғандай, сайлау науқанында кандидаттар тарапынан заң бұзушылықтар орын алды. Нәтижесінде үміткер ретінде тіркеуден түсіп қалғандар бар.

Сайлау тек қоғамдық-саяси ғана емес, сонымен бірге құқықтық процесс. Сондықтан сайлау процесінің барлық қатысушылары сайлау туралы Конституциялық заңды қатаң сақтауы керек.Бүгін сайлауалды үгіттің соңғы күні.Орталық сайлау комиссиясы 18 наурыз – Тыныштық күні екенін еске салады. Яғни ертең ешқандай үгіт жасауға болмайды. Тыныштық күні сайлау алдындағы үгітпен байланысты кез келген іс-әрекетке тыйым салынады және ол үшін заңнамамен құқықтық жауапкершілік көзделген,-деді комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров. Осылайша депутаттық орынға таласып жатқан үміткерлердің соңғы үміті 19 наурызда өтетін сайлауға байланып отыр. Өздеріңізге мәлім, бұл саяси додаға жеті саяси партия мен бір мандатты депутаттыққа тәуелсіз үміткерлер қатысып жатыр. Парламент Мәжілісіндегі 98 орынның 29-ы бір мандатты депутаттарға, қалғаны партиялық тізіммен келгендер бұйырады. Бұл жолы Парламентке қанша партяи өтеді екен? Оны да сайлау қортындысы көрсетеді. Ал үгіт кезінде заң бұзушылық жасаған үміткерлердің ішінде сайлауға түсу мүмкіндігінен айырылып қалғандар да бар.

Прокурордың мәліметінше, мәжіліс депутаттарын сайлау алдындағы үгіт барысында "Сайлау туралы" заң талаптары бұзылды. 23 заңбұзушылықты анықталды. Кінәлілер әкімшілік жазаға тартылды.Олардың арасында тегін такси қызметін көрсеткен кандидаттар да жоқ емес.

Сондай-ақ, қадағалаушы орган сайлау алдындағы тыныштық күні елдің тынышын алып, үгіт-насихат жүргізгендерді жауапкершілік күтіп тұрғанын еске салды. Бүгін сағат түнгі 12:00-де сайлауалды үгіт жұмыстары кезеңі аяқталады. Яғни ертең БАҚ-та сауалнама нәтижелерін, сайлау нәтижелерінің болжамдарын, сайлауға, кандидаттарды қолдауға дауыс беруге байланысты өзге зерттеулерді жариялауға да жол берілмейді. Тек Орталық сайлау комиссиясын жазбаша түрде хабардар еткен заңды тұлғалар ғана сайлау учаскелерінен шыға берісте сауалнама жүргізе алады.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.