Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ТЫҒЫРЫҚҚА ТІРЕЛГЕН ЖАҒДАЙ»

c 09:57, 16/02/2023 c 121

0:00 / 0:00

Тығырыққа тірелген жағдай. Ақмола облысының жылу беру орталықтарындағы жағдайды көрген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәселені шешу жолын таба алмай жатқандардың әрекетіне осылай деп баға берді. Бұл жайында ол Ақмола облысына жұмыс сапары барысында айтты. Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы өңірдегі агроөнеркәсіп кешенінің бірқатар кәсіпорнына барып, энергетикалық және әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.

Ақорда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ақмола өңіріне жұмыс сапарынан бейне түсірілім таратты. Мемлеект басшысына облыс әкімі Ермек Мыржықпаев өңірде жасалып жатқан шаруаларын көрсетіп, жетістіктерін айтып бәйек қағып жүр. Жаңадан бой көтерген ауруханалар, ауылшаруашылық кешендерін, жылыжай жұмыстарын, абаттандырылған аулаларды көрсетіп әкімдік міндетін тамаша атқарып жатқанын айтып жатты. Мәселе Степногорск қаласының жылу электр орталығының жұмысымен танысуға келгенде Президенттің алдында мақтану мүмкін болмады. «Степногорск жылу электр орталығы» ЖШС-нің техникалық жай-күйі және Ақмола облысындағы жылыту маусымының барысы жөнінде мәлімет Тоқаевтың көңілінен шықпады. Әкімнің айтуынша, Степногорскіде бір ЖЭО бар және 663 қазандық жұмыс істейді. Қазандық жабдықтарының елу пайызы тозған. Мұны естіген мемлекет басшысы вице-премьер Роман Склярға әкімдікпен бірге Степногорск қаласын жылумен қамту мәселесінің шешу жолдарын егжей-тегжейлі пысықтауды жіті тапсырды. Тоқаев бұл жағдайда иелерінің де, әкімдіктің те, оператордың да тығырыққа тірелгені байқалады деді.

Айта кету керек, Степногорскідегі Жылу элеткр орталығы 1966 жылы салынған.Қазір қазандықтардың жартысы тозған. Елімізде бірнеше ЖЭО орын алған апатты жағдайдан соң, бұл мәселе күрделеніп тұр. Қазақстанның бес қаласындағы ЖЭО-ы 80 пайызға тозған. Оның ішінде осы Степногорск қаласы да бар. Өткен жылу беру мерзімінде 36 жағдай тіркелді. Оның бәрі жекенің қолындағы ЖЭО –да орны алды. Энергетика министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы ЖЭО басым бөлігі яғни 22-сі жекенің қолында. Осылайша мемлекет жылу беру мезгілінде халықтың қауіпсіздігіне қауіп төндіріп отырған ЖЭО құтқаруға мүдделі болып отыр. Ал меншік иесі болса инвестиция құюға қауқарсыз. Қазақстандағы ЖЭО көбісі алпыс жылдан бері жұмыс істеп келеді. Энергетика министрлігінің дерегіне сүйенсек, қазір тозығы жетіп, қауіп төндіріп тұрған ЖЭО –да жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 182 миллирд теңге қажет. Ал электр санцияларының тарифтен түскен кірісі жөндеу жұмсыстарына қажетті шығынды жаппайды. Сол себепті мемлекет меншігіндегі және квазимемлеекеттік секторға қарасты 12 ЖЭО-да жөндеу жұмыстарын жүргізуге қазынадан қаржы бөлу ұсынылды. Ал қалған жекенің қолындағы 22 ЖЭО-на мекшік иелері өз қалтасынан шығаруы тиіс. Ақмола өңіріндегі тағы бір проблема- Бестөбе кен орны. Бұл жерде шахта жабылып, мыңдаған кенші жұмыссыз қалып отыр. Президентпен кездесуде жергілікті тұрғындар осы мәселені көтерді.

Тоқаев бұл мәселе өз бақылауында болатынын айтып, Үкіметке және жергілікті органдарға аталған проблеманы шешу жөнінде тиісті тапсырма берді.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.