0:00 / 0:00
Енді Қазақстанда тұтынушылар құқығын қорғайтын омбудсмен қызметі енгізіледі. Бұл жайында бүгін өткен үкіметтің селекторлық отырысында айтылды. Ол үшін арнайы заң қабылданбақ. Омбудсмен институты үкіметтік емес ұйымдар аясында құрылмақ. Сондай-ақ, тұтынушы құқығын бұзғаны үшін коллекторлар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Енді Қазақстанда тұтынушылар құқығын қорғайтын омбудсмен қызметі енгізіледі. Бұл жайында бүгін өткен үкіметтің селекторлық отырысында айтылды. Ол үшін арнайы заң қабылданбақ. Омбудсмен институты үкіметтік емес ұйымдар аясында құрылмақ. Сондай-ақ, тұтынушы құқығын бұзғаны үшін коллекторлар әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Қазақстанда тұтынушы мәдениеті деген ұғым әлі де қалыптаса қойған жоқ. Тұтынушылар алаяқтарға жиі алданып, сан соғып қалып жатады. Бұл жағдай пандемия кезінде интернет арқылы тауар сатып алу, қызмет түрін пайдалануда өршіп кетті. Ал сапасыз тауар сату, тұтынушының көзін алдап тауарда басқа соманы, түбіртекте басқа соманы көрсету деректері жиі орын алады. Медициналық ұйымдарда қызмет көрсету сапасына халықтың көңілі тола бермейді. Тізе берсек мемлекеттік органдардың жұмысына қатысты шағымдар өте көп. Соңғы алты айда тұтынушылардан 26 мың арыз-шағым келіп түскен.
Сондай-ақ, тұтынушылардың зардап шгеіп отырған тағы бір тұсы банк алдындағы қарыздарын өтеу барысындағы проблема көбейді. Себебі, қымбатшылық қысып, табысы азайған қара халық қарыздарын дер кезінде өтей алмай жатыр. Бұл орайда банк қарызын өндіріп ала алмаған соң, клиенттің ісі коллекторлық агенттіктерге өтуде. Ал шаш ал десе, бас алатын коллекторлар борышкерлердің құқығын таптап жатқан жәйіт көп. Енді тұтынушы құқығын бұзған коллекторлық агенттіктер қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады.
ОЛЕГ СМОЛЯКОВ –ҚР ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ ЖӘНЕ РЕТТЕУ АГЕНТТІГІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ«Президенттің тапсырмасы бойынша коллекторлық ұйымдардың заңсыз әрекеттерінен азаматтардың құқықтарын қорғау мақсатында біздің агенттік коллекторлық агенттік қызметкерлеріне қатысты әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікті қарастыруды ұсынып отыр. Қазір Бас прокуратурамен коллекторлар қызметін реттеуді қатаңдату бойынша қосымша шаралар пысықталып жатыр».
Кәсіпкерлер палатасының басшысы Абылай Мырзахметовтің айтуынша, әлеуметтік желі арқылы сатылған тауарды қайтарып беру, олардың сапасы туралы мәселелер заңда нақтылануы керек. «Заң жүзінде онлайн платформалар мен интернет-дүкендердің тұтынушыларына қатысты құқықтарды қорғау жан-жақты реттелген. Алайда әлеуметтік желілерде тұтынушылардың құқықтарын реттеу мен қорғауда үлкен алшақтық бар. Сол себепті тұтынушылар интернет арқылы, атап айтқанда, әлеуметтік желілерде тауарларды төлеу кезінде жиі алданады. Жоғарыда аталған проблемаларды шешу үшін елде енді тұтынушылар құқығын омбудсмен қорғайтын болады. Омбудсмен институты үкіметтік емес ұйымдар аясында құрылмақ.
Осылайша, өз халқының мүддесін қорғай алмай отырған үкімет тұтынушы құқығын қорғауды омбудсменге артып отыр. Егер араға азаматтардың құқығын қорғау уәкілі кіріссе мәселе тез шешілуі мүмкін деген үмітте.