Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ТҰТЫНУ НЕСИЕСІ- ИНФЛЯЦИЯ КЕЗІНДЕ ЖАН БАҒУДЫҢ АМАЛЫ»

c 14:09, 21/04/2023 c 107

0:00 / 0:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев отандық банктерді несиені бизнеске көбірек беруге шақырды. Тоқаев инфляция өскен сайын халықтың нақты табысы құнсызданып жатқанын айтты. Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр деп сынады Тоқаев. Бұл жайында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы мәселелеріне арналған жиында айтылды.

Соңғы 15 жылда азық-түлік тауарлары бағасының өсіп жатқанын көріп отырмыз. Ағымдағы жылдың ақпанында инфляция деңгейі шарықтау шегіне жетіп 21,3 пайызды құрады. Жұрттың ай сайын жұмсайтын қаржысының тең жартысынан көбі азық-түлік алуға кетеді. Үкіметтің әрекеті жеткіліксіз болып отыр деп сынады Президент.

Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы және өндіріс саласының дамуында нақты нәтиже жоқ. Азық-түлік инфляциясының басты себебі де – осында. Елімізде өндірілетін тауардың көлемі ішкі сұранысты қамтамасыз етуге жетпейді. Импортқа тәуелдіміз деді. Ал қымбатшылық қысып жатқанда, халық жан бағудың амалы ретінде тұтыну несиесін көп алып жатқаны алаңдататыны айтты Тоқаев.

Президент екінші деңгейлі банктерді жаппай тұтынушылық несие бергеннен гөрі, бизнеске көбірек несие беріп,кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік жасауға шақырды. Осыған байланысты президент отандық банктерді бизнес пен инвестицияға қолайлы жағдай жасауға тарту өте маңызды екенін атап өтті. Банк секторының ірі инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларды несиелеу бойынша мүмкіндіктерін кеңейту қажет. Экономиканы несиелеуді кеңейту шаралары туралы жарлық аясында тиісті тапсырма бердім, - деді ол. Ал мемлекеттің қолдауын ие болып кәсібін өрбітіп отырған ірі бизнеске табысты осы жерден тауып, шетелде шашу әдетінен арылу керектігін баса айтты.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.