0:00 / 0:00
Түркі елдерінің басшылары Самарқандта бас қосты. Өзбександа Түркі мемлекеттерінің саммиті өткен еді. Қазақ басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін аумақтық тұтастықтан бастады. Бұл орайда Қазақстан БҰҰ Жарғысын қатаң сақтап, барлық мемлекеттердің аумақтық тұтастығын қолдайтынын айтты.
Ақорданың хабарлауынша, Қазақстан Президенті бауырлас елдермен даму жолындағы бірнеше ауқымды ұсыныстарын алға тартты. Түркі мемлекеттері ұйымының халықаралық рөлін аттыру мақсатында көлік логистикасын дамытуды ұсынды. Батыс пен Шығысты, Солтүстік пен Оңтүстікті тікелей байланыстырып отырған Қазақстан, Әзербайжан, Түркия арқылы өтетін Транскаспий халықаралық көлік дәлізі маңызды рөл ойнап отыр. Сондықтан біздің ел көлік-логистика саласына ерекше мән береді. Соңғы 15 жылда Қазақстан осы саланы дамытуға 35 миллиард доллар қаржы бөлді деді Тоқаев.
Сондай-ақ қазақ басшысы саммит барысында түркі елдерінің ІТ саласындағы қарым-қатынасын дамытуды ұсынды.
Қазақстан Президенті «Жасыл экономиканы» дамыту мәселесін де көтерді. Климаттың өзгеруі көптеген жаһандық сын-қатерлер тудырып отырған сәтте бұл маңызды мәселе екенін айтты.
Одан әрі білім, мәдениет саласында да атқаратын шаруаларды тізіп шықты. Саммит барысында «Түркі әлемінің келешегі – 2040» құжатын іске асыру Түркі мемлекеттері ұйымының стратегиясы қабылданды. Ал аталмыш ұйымының Х саммиті келесі жылы Қазақстанда өтетін болды.