Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

«ТҮРКІ ДӘУІРІ»

c 15:04, 06/11/2023 c 84

0:00 / 0:00

Түркі мемлекеттері ұйымының кезекті саммиті «Түркі дәуірі» ұранымен өтіп жатыр. Астанада бас қосқан түркі елдерінің басшылары өзара сауда-саттықты дамыту, экономиканы нығайтып алу, инвестиция құю, мәдениет пен ғылымға да көңіл бөлу мәселелерін талқылады. Айта кету керек, Қазақстан биыл Түркі мемлекеттері ұйымына басшылық ететін болды. Президенттер түркі елдерінің қауіпсіздік мәселесін де сөз қылды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қазір түркі инвестициялық қоры жұмысын бастағанын айта келе,түркі даму банкін құруды ұсынды. Өзбек басшысы осы қаржылық институтты Ташкентте қалыптастыру қажет.Түркі мемлекеттерінің сауда-саттықты зерттеу ұйымының ұстанымын қолдаймыз. Аталған институттың жұмысын дұрыс жолға бағыттау бірқатар кедергіні алып тастауға мүмкіндік береді. Экспорт, импорттың көлемін арттыру мен электронды сауданың кедергілерін алып тастайды.Түркия президенті Ердоған бірлігіміз үшін тіл мәселесі өте маңызды екенін айта келе, түркі елдерінің ортақ әліпбиін енгізу қажет деді. Ал Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев әлемнің түпкір-түпкірінде қарулы қақтығыстар мен соғыстар болып жатқанда, осы ұйымға мүше мемлекеттер қорғаныс қауіпсіздігін сақтау, өнеркәсіп аясындағы ынтымақтастатығы нығайтуы керек, - деген ұсыныс алға тартты. Өзбек басшысы түркі мемлекеттері ұйымының басшыларын Палестина мәселесінде бірлескен ұстаным көрестуге шақырды. Қазақ Президенті Тоқаев кез-келген жанжалды бейбіт келіссөз және дипломатиялық диалог арқылы ғана шешу керектігін. Әр елдің аумақтық тұтастығын сақтау және оның ішкі ісіне қол сұқпау – басты басымдық екенін айтты. Сондай-ақ, Тоқаев Қазақстанның Палестина халқына 1 миллион доллар көмек беретіні мәлімдеді. Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Украина мен Ресей арасындағы қақтығыс әлемге өзінің теріс ықпалын тигізіп жатқанын айтты. Сондай-ақ, ол израиль-палестина қақтығысын сөз етті.

РЕЖЕП ТАЙЫП ЕРДОҒАН – ТҮРКИЯ ПРЕЗИДЕНТІ «Қазір бүкіл әлемнің көзінше Палестинада өте үлкен трагедия болып жатыр. Мешіттер, босқындардың лагерьлері және ауруханалар бомбы астында қалып жатыр. Күнәсіз балалар өліп жатыр. Бұл зорлық-зомбылықты ақтайтын ешқандай мүмкіндік жоқ. Қарапайым сөзбен айтатын болсақ, адамзатқа қарсы қылмыстар 28 күн бойы Газада жалғасып жатыр. Біздің негізгі басымдығымыз - гуманитарлық көмек көрсету және қарулы қақтығысты аяқтау. Мұсылман болсын, христиан немесе еврей болсын, бәрі бейбітшілікте өмір сүруі керек. Біз халықаралық бейбітшілік конференциясын жалғастырғанын қалаймыз».

Түркі елдерінің әлемдегі дамыған елдермен терезе тең болуына одан әрі дамыта түсу үшін ғылым мен білімге бетбұрыста жаңашылдық керек.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ «ТҮРКІ ДӘУІРІ!», яғни «TURKTIME!» ұранымен өтіп жатқан саммитте салт-дәстүр, біріздендіру, реформалар,ғылым, сенім, инвестиция, медиация және энергия атты сегіз мәселеге басымдық жасалатыны айтылды. Бұл алдағы он жылдың еншісіндегі шаруа болмақ.

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.