Редакция: +7 (7112) 93-34-33

Жарнама бөлімі: +7 (775) 906-38-00, +7 (707) 716-97-77

11:00

Жаңалықтар

13:30

Жаңалықтар

18:30

Жаңалықтар

21:00

Жаңалықтар

Тұмауға қарсы екпе басталды

c 15:51, 01/10/2019 c 590

0:00 / 0:00

1 қазаннан бастап тұмау мен жіті респираторлы вирусқа қарсы екпе егу басталады. Қазіргі таңда БҚО-на 65 мың екпе сатып алынған. Бұл үшін облыстық бюджеттен 56 млн теңге жұмсалыпты. Сала мамандары тегін екпені белгілі бір санаттағы адамдар тобы ала алатындығын айтады.

Биылғы жылдың 1 қазанынан бастап, мамыр айына дейін облыс көлемінде тұмауға және жіті респираторлы вирустың алдын алу үшін эпидемиологиялық маусымы басталды. Сала мамандары өткен маусымда 113 тұмау дерегінің тіркелгендігін айтады. Кесел қаңтар мен ақпан айында көптеп таралған.

Тұмау мен жіті респитарлы вирусқа төтеп берудің бірден бір жолы ол- екпе алу. Қазіргі таңда аталмыш сырқатқа қарсы екпенің 65 мың данасы сатып алынған. Дәрі көрші Ресейде өндіріліпті.

Жұқпалы кеселге шалдықпас үшін тиісті сақтық шараларын естен шығармау керек. Яғни, бірінші кезекте денсаулыққа мән беріп, с дәрумендері бар тағамдарды көп тұтынып, қолды сабынмен жуып, бөлмені үнемі желдетіп, оны ылғалды тазалап алуды да ұмыт қалдырмаңыздар. Ал, науқастанған жағдайда бірден медициналық көмекке жүгінген абзал!

ТДК 42 телеарнасының сайтында tdk42.kz жарияланған барлық материалдар телеарнаның меншігі. Авторлық құқық қорғалған. Материалдарды сілтемесіз tdk42.kz көшіріп басуға, рұқсатсыз жариялауға тиым салынады.